Астана қаласының қоржынында екі медаль

2023 жылғы 3-4 қараша аралығында Қарағанды қаласында Roboland VIII Халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалі өтті. Биыл финалға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Грузия және Ресейден 300-ден астам команда жиналды.

Олардың қатарында Астана қаласынан Alpamys, Milestone, Елордалық лицейі, «Talant» мектебі, №48, №50, №70 мектеп-лицейлері,  №2, №68 мектеп-гимназиялары, және Қадыр Мырза Әлі атындағы Binom мектебі сияқты білім беру мекемелерінің командалары да бақтарын сынады.

Фестиваль қорытындысы бойынша: Кегельринг-квадро Х2 санатында Milestone мектебінің командасы: 4 сынып оқушылары Шалабаев Тимур, Қайратұлы Дарын, (жаттықтырушы Зейнулла Абай) – 1 орын және RoboLand-Kazakhstan санатында Alpamys мектебінің командасы: ұстаздар Назиденов Серік, Надирбеков Әзілхан (жаттықтырушы Сүлейменов Әмірхан) 3 орынды иеленді.

Командаларды жеңістерімен құттықтаймыз!