Интеллектуалдық олимпиадалар және конкурстар
2023 жылдың қыркүйек айында 5 іс-шара өткізілді, оның ішінде: 1 республикалық, 3 қалалық, 1 аудандық. Аталған іс –шараларға Астана қаласынан 344 оқушысы қатысып, 136 қатысушы жеңімпаз және жүлдегер атанды:
I орын – 6;
II орын – 48;
III орын – 82.
8 қыркүйек күні «Астана дарыны» орталығының базасында жасөспірімдер арасындағы халықаралық жаратылыстану-ғылыми олимпиадасынның (IJSO) іріктеу кезеңі өтті. Іріктеу кезеңіне 2 оқушы қатысты: Макишев Тамирлан (Дарынды ер балаларға арналған «Білім Инновация» ЛИ), Жұмаділ Мұхаммедали («NURORDA» МЛ).
2023 жылдың 9 қыркүйек күні Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында «Отбасылық ғылыми-көпшілік фестиваль» PRO.NRG FEST өтті. Фестивальға 2 000-ға жуық оқушы қатысты. Фестиваль барсында қызықты дәрістер, өз қолымен тәжірбие жасау, ғылыми шоулар болды.
2023 жылдың 20 қыркүйекте «Балалар әлемі» жобасы аясында ұйымдастырылған 8-10 сынып оқушылары арасында Республикалық балалар оқуларының аудандық кезеңі № 52 мектеп-гимназиясының базасында өтті. Шараға Астана қаласының білім беру мекемелерінен 67 оқушы қатысты. Жүлдегерлер саны – 17. Республикалық балалар оқуларының қорытындысы бойынша: ІІ орын-3, ІІІ орын-14.
2023 жылдың 23 қыркүйекте Республикалық «Ақберен» өнер байқауының қалалық кезеңі №72 мектеп-лицейінің базасында өтті. Елорданың білім беру мекемелерінің 8-11 сынып оқушылары арасында өткен байқауға 273 оқушы қатысты. 118 жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталды: І орын – 6, ІІ орын – 45, ІІІ орын – 67.
2023 жылдың 28-30 қыркүйек аралығында Алматы обылысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылында Республикалық Жас ақындар айтысы өтті. Астана қаласынан 2 оқушы қатысты: елордалық №87 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы Мислабек Назар «қайым айтыс» бағыты бойынша III орынды иеленсе, № 86 мектеп-гимназиясының 11- сынып оқушысы Жақатаева Науат Жамбыл ауданы әкімінің арнайы сыйлығыменмарапатталды.
Педагогикалық шеберлік бөлімі
2023 жылдың 22 қыркүйек күні Ә. Бөкейхан атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінде «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдарының көркемдік-эстетикалық пәндер педагогтері үшін «Бір мұғалім – әртүрлі балалар: дарынды балаларды оқыту мәселелері» тақырыбына семинар өткізді. Семинарға елорданың білім беру ұйымдарынан көркемдік-эстетикалық пәндер педагогтері қатысты.
Сонымен қатар, «Группа Роботек» ЖШС директоры, № 64 мектеп-лицейінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі, М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының зияткерлік, көркемдік шығармашылық бағыттарының қосымша білім беру педагогтері, № 1 Өнер мектебі көркемөнер бөлімінің қосымша білім беру педагогі және Орталықтың «Qabilet» кәсіби бағдарлау қызметі бөлімінің басшысы патриотизмге тәрбиелеу және дарынды балаларды анықтау мен қолдау әдістерін ұсынды.
2023 жылдың 15-20 қыркүйек күндері аралығында елордалық білім беру ұйымдары педагогтерінің арасында «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсының жұмыстарына сараптама өткізілді. Конкурстың іріктеу кезеңіне 245 педагог қатысты. Қаралған жұмыстар саны – 245. Қазылар алқасының шешімі бойынша сараптамадан 160 жұмыс өтті.