Бүгін Астана қаласында  «STEM Олимпиада – білім берудегі инновация» олимпиадасының халықаралық кезеңі басталды

2023 жылдың  1-2 қараша күндері Астана қаласындағы Riviera International   School by Quantum мектебінің базасында 8-11 сынып оқушыларына арналған «STEM Олимпиада – білім берудегі  Инновация»  олимпиадасының халықаралық кезеңі  өтіп жатыр.

     Олимпиаданың мақсаты: Қазақстан Республикасының интеллектуалды оқушыларының зерттеулілігін дамыту, ғылыми және инженерлік пәндерге қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттері мен эксперименттік дағдыларын дамыту.

Олимпиадаға  Елордадан 30-дан астам команда қатысуда.

Қатысушыларға сәттілік тілейміз!