Мектеп оқушыларының «Адам, Жер, Әлем» астрономиялық турнирінің қола медалі Астана қаласының қоржынында

2023 жылғы 25 қазан мен 1 қараша ааралығында Алматы қаласындағы «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы обсерваториясының базасында М.Әбділдин атындағы «Адам, Жер, Ғалам» мектеп оқушыларының астрономиялық турнирі өтті.
Еліміздің дарынды және астрономияға қызығушылығы жоғары мектеп оқушыларына арналған жыл сайынғы дәстүрлі шараға республиканың әр өңірінен 17 команда қатысып, турнирдің әртүрлі кезеңдерінде, оның ішінде іріктеуде, жартылай және ақтық финалда бақтарын сынады.
Турнир қорытындысы бойынша Әбіш Кекілбаев атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінің командасы 3-орынды иеленіп, қола жүлдегер атанды. Команда мүшелері: Әділетұлы Рүстем, Баюаков Азильхан, Ералы Хиуаз, Тасбулатов Санжар, Тастемір Бержан. Жетекшісі С. К. Кусаинов.
Жеңімпаз команданы жеңісімен құттықтаймыз!