Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық «Алтын Тұғыр» олимпиадасы«Алтын Тұғыр» для

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2023 жылдың 3 қараша күні сағат 10.00-де «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебімен бірлесіп, бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық «Алтын Тұғыр» олимпиадасының аудандық кезеңін өткізетіндігін хабарлайды.Аудандық кезең елорданың келесі аудандарында:- Алматы ауданы мектептері бойынша М.Мақатаев атындағы №74 мектеп-гимназиясында (Т.Жүргенов, 79);- Байқоңыр ауданы мектептері үшін №54 мектеп-лицейінде (А.Иманбаева,4);- Сарыарқа ауданы мектептері үшін Ілияс Есенберлин атындағы №67 гимназиясында (Шаймерден Қосшығұлұлы 23/1)- Нұра-Есіл аудандары мектептері үшін Қайым Мұхамедханов атындағы №90 гимназиясында (Қорғалжын тас жолы 37\1) өтеді.Олимпиадаға мектепішілік олимпиададан өткен бір тілді оқыту мектептерінен 2 мұғалім, екі тілді оқыту мектептерінен 4 мұғалім қатысады.​ Мақсаты – бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби қызметте жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылысын жетілдіру және мұғалімдердің шығармашылық әлеуеті мен педагогикалық шеберлігін дамыту, сонымен қатар олимпиаданың облыстық, республикалық кезеңдеріне шын жүйріктерді дұрыс іріктеп алу.