Астаналық үш оқушы Республикалық балалар оқулары байқауына қатысады

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстандық қоғамдық даму инстуты» КеАҚ «Балалар әлемі» жобасы аясында жыл сайын ұйымдастырылатын Республикалық балалар оқулары байқауы 2023 жылғы 1 қараша күні Астана қаласындағы Назарбаев университетінің базасында өтеді. Байқауға Республикалық балалар оқулары байқауының қалалық кезеңінің жеңімпаздары Астана қаласындағы №82 «Дарын» мамандандырылған лицейінің 9 сынып оқушысы Ермек Ералы, №66 мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы Аманкелді Жасмин және №64 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Адрейсова Жаннұр қатысады. Жас дарындардың жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектеспіз!