«Үздік жыл психологі»

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2023 жылдың 31 қазан күні Ақселеу Сейдімбек атындағы №54 мектеп-лицейінде (А.Иманбаев, 4) 2023-2024 оқу жылының жұмыс жоспарына сәйкес республикалық «Үздік жыл психологі» конкурсының қалалық кезеңін өткізетіндігін хабарлайды.​Мақсаты – талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін, кәсіптік біліктілігін көрсете алатын психологтерді анықтау, қолдау және ынталандыру.