Химия пәнінен Қаныш Сәтбаев атындағы Республикалық Олимпиада

Жезқазғанда 9-сынып оқушыларына химия пәнінен Қаныш Сәтбаев атындағы Республикалық Олимпиада басталды. Бүгін, 30 қазан күні Жезқазған қаласында химия пәнінен Қаныш Сәтбаев атындағы Республикалық олимпиаданың ашылу рәсімі өтті. Олимпиада 30 қазан мен 2 қараша күндері өтеді. Астана қаласының атынан №27 мектеп-лицейінің, Дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты және «NURORDA» мектеп-лицейінің оқушылары қатысуда. Оқушыларымызға сәттілік тілейміз!