«Алтын түлек» математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығымен бірлесе отырып 2023 жылы 20 қазанда 10-11 сынып оқушыларына арналған «Алтын түлек» математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңін өткізеді. Олимпиаданың мектепішілік кезеңі өтетін уақыт: І кезең – 20 қазан, басталуы сағат 12.00.