2023 жылдың 18 қазан күні «Астана дарыны» орталығының ұйымдастыруымен білім беру ұйымдарының 11-17 жастағы оқушылар арасында «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумының аудандық кезеңі өтеді.
Өтетін орны: №93 мектеп-лицей (Жұмекен Нәжімеденов көшесі, 24)
Басталуы: сағат 09.00.
Форум 4 номинация бойынша өткізіледі:
- «Мен мамандық ….. таңдаймын» (қазақша,орысша,ағылшынша);
- «Болашақтың мамандығы» (қазақша,орысша);
- «Менің кәсібім – менің бизнесім» (қазақша,орысша);
- «Мамандық тұлғасы» (қазақша,орысша).
Қатысушыларға сәттілік тілейміз!