Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 2023 жылдың 7 қазанында Д. Қонаев атындағы № 66 мектеп-лицей базасында «Қазақстандағы мектепке дейінгі және орта білім беруді жетілдірудің тұжырымдамалық тәсілдері: заманауи трендтер мен іске асыру жолдары» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді.Конференцияның пленарлық және секциялық отырыстарына елордалық мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының 200 астам педагогі қатысты.Конференция барысында педагогтер өз ойларын ортаға салып, спикерлерге сұрақтар қоюда белсенділік танытты.
![](https://astanadaryny.kz/wp-content/uploads/2023/10/IMG-20231010-WA0007-1-1024x472.jpg)
![](https://astanadaryny.kz/wp-content/uploads/2023/10/IMG-20231010-WA0009-1-1024x1024.jpg)