«Жыр алыбы – Жамбыл» атты республикалық жас ақындар айтысының қорытындысы

«Жыр алыбы – Жамбыл» атты Республикалық жас ақындар айтысы 2023 жылдың 28-30 қыркүйек  аралығында  Алматы обылысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылында  өтті. Астана қаласынан 2 оқушы қатысты. Олардың бірі елордалық № 87  мектеп-гимназияның    11 сынып оқушысы –Мислабек Назар   «қайым айтыс» бағыты бойынша III орынды иеленсе,  екіншісі № 86 мектеп- гимназиясының 11- сынып оқушысы Жақатаева Науат Жамбыл ауданы әкімінің арнайы сыйлығымен  марапатталды.

Жүлдегерлерді және оларды осы додаға арнайы баптаған жетекшілерін жетістіктерімен құттықтаймыз! 

Сөз тізгінін ұстайтын дарындарымыз көп болсын!