«STEM Олимпиада – білім берудегі Инновациялық» олимпиадасының қалалық кезеңі өтті

2023 жылдың 24 қыркүйек күні Астана қаласында Қ.Сәтбаев атындағы Binom School мектеп-лицейінде 8-11 сынып оқушыларына арналған «STEM Олимпиада – білім берудегі инновациялық» олимпиадасының қалалық кезеңі өтті. Олимпиаданың мақсаты: Қазақстан Республикасының интеллектуалды оқушыларының зерттеулілігін дамыту, ғылыми және инженерлік пәндерге қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттері мен эксперименттік дағдыларын дамыту.Жарысқа 102 команда қатысып, соның ішінде 41 команда Халықаралық кезеңге өтті: №№: 1 (2), 6 (1), 8 (1), 14 (1), 16 (2), 32 (1), 38 (2), 59 (2), 60 (2), 64 (1), 82 (1), 84 (4), 86 (1), Ә. Бөкейхан ат. Binom (2), А.Байтұрсынұлы ат. Binom (4), Қ.Сәтбаев ат. Binom (4), Қ.Мырза Әлі ат. Binom (1), Ә.Кекілбаев ат. Binom (3), Экономикалық Л (2), Alpamys school (2), Smart technological school (2).Құттықтаймыз!