2023 жылдың 22 қыркүйек күні Ә. Бөкейхан атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінде «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы (бұдан әрі – Орталық) жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдарының көркемдік-эстетикалық пәндер педагогтері үшін «Бір мұғалім – әртүрлі балалар: дарынды балаларды оқыту мәселелері» тақырыбына семинар өткізді. Семинарға елорданың білім беру ұйымдарынан көркемдік-эстетикалық пәндер педагогтері қатысты.Семинар барысында білікті мамандар білім алушыларға көркемдік-эстетикалық құндылықтарды сіңіру негізінде ұлттық басымдықтарды дамыту бойынша пікір алмасты, оң тәжірибелерімен бөлісті.Алғы сөз Орталық директорының орынбасары Г.М. Буралкиеваға берілді. Гүлбақыт Мукашевна білім алушыларды еңбекке баулуда және олардың өнерге деген қызығушылығын дамытуда басшылыққа алатын негізгі міндеттердің бірі – еңбекке тәрбиелеу, өнер арқылы ұлттық әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлерге құрмет сезімін қалыптастыру екендігін атап өтті. Сонымен қатар, «Группа Роботек» ЖШС директоры Шалкарбеков Санжар Жаксыбекович, № 64 мектеп-лицейінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Смағұл Жетпіс Әбдіғалиұлы, М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының зияткерлік, көркемдік шығармашылық бағыттарының қосымша білім беру педагогтері Алибекова Динара Максутовна, Сарсенбаева Толкын Жумагазыновна, Жакеева Айжан Жаксылыковна, № 1 Өнер мектебі көркемөнер бөлімінің қосымша білім беру педагогі Теңдік Айгерім Рамазанқызы және Орталықтың «Qabilet» кәсіби бағдарлау қызметі бөлімінің басшысы Карибеков Нұрперзент Жанабайұлы патриотизмге тәрбиелеу және дарынды балаларды анықтау мен қолдау әдістерін ұсынды.Семинардың соңында Орталықтың педагогикалық шеберлік бөлімінің басшысы Алма Досжановна Садвакасова көркемдік-эстетикалық құндылықтарды сіңіру негізінде білім алушылардың мәдениет пен ұлттық дәстүрлерге деген құрметін пәнаралық байланысты қолдана отырып дамытудың маңыздылығын атап өтті. Семинарға қатысушылар алдағы уақытта да осындай бағыттағы және форматтағы іс-шараларды өткізуді ұсынды.