Республикалық «Ақберен» өнер байқауының қалалық кезеңі

Жалпы білім беретін орта мектептердің 8-11 сынып оқушылары арасындағы Республикалық «Ақберен» өнер байқауының қалалық кезеңі 2023 жылғы                        23 кыркүйек күні Астана қаласындағы №72 мектеп-лицейінің базасында                     (А. Байтұрсынов көшесі, 25)өтетінін хабарлаймыз.  

Ұйымдастырушы: Астана қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы.

Байқау 6 бағытта өтеді:

  1. Шешендік өнер, білгірлік сайысы (қазақ тарихы, мәдениеті, фольклоры туралы сұрақтарға жауап беру, шешендік өнер тарихын білу, шешен сөйлеу);
  2. Көркемсөз оқу (поэзия, проза, драма);
  3. Эссе жазу;
  4. Ұлттық аспапта өнер көрсету (домбыра, қобыз, жетіген және т.б.);
  5. Ақындар айтысы;
  6. Ақындар мүшәйрасы.

Байқаудың қалалық кезеңіне алдына ала   https://forms.gle/T52tgrY1STWvnsdf6  сілтемесі арқылы тіркеуден өткен үміткерлер қатысады.  Әр білім беру  мекемесінен әр номинацияға 1 оқушыдан.

Республикалық кезеңге іріктеу нәтижесінде  жеңімпаз атанған өнерпаздардан  Ережеде көрсетілген өнер түрлері бойынша құрылған елордалық команда жіберіледі.

Байқаудың ережесі www.daryn.kz  сайтында берілген.