«Республикалық балалар оқулары» байқауының аудандық кезеңі

2023 жылдың 20 қыркүйек күні сағат 10.00-де №52 мектеп-гимназиясында (Бурабай көшесі, 38) ) «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 8-10 сынып оқушыларына арналған Республикалық балалар оқулары байқауының аудандық кезеңін өткізеді. Байқаудың мақсаты – балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, отандық және шетелдік әдебиетті, сондай-ақ жазушылардың шығармаларын зерделеуге шақыру және жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиетін қалыптастыру. Тіркелу уақыты сағат 9.00-9.30 аралығында. Басталуы сағат 10.00-де. Байқаудың аудандық кезеңінде төмендегі екі тапсырманы орындауы қажет:1. Әр сынып оқыған екі шығарма бойынша жалпы 60 сұрақ тесттен өтеді. 30 сұрақ – қазақ әдебиеті шығармасы, 30 сұрақ – шетел әдебиеті шығармасы. Уақыты: 60 минут.2. Оқыған екі кітап бойынша төрт тақырыптың бірін таңдап, эссе жазу. Уақыты: 60 минут.