«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2023-2024 оқу жылының жұмыс жоспарына сәйкес оқу пәндерінің авторлық бағдарламаларын құрастыратын үздік мұғалімдердің алдыңғы қатарлы тәжірибесін анықтау және тарату мақсатында ағымдағы жылдың 26-27 қыркүйек күндері «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсын өткізетіндігін хабарлайды.Конкурста оқу пәндерінің авторлық бағдарламалары мына бағыттар бойынша қарастырылады: таңдау курстары, арнайы курстар, элективті курстар, қолданбалы курстар.Конкурс екі кезеңнен тұрады:1. Сараптама ( 14-20.09.2023ж.);2. Қорытынды (26-27.09.2023ж.).