Интеллектуалдық олимпиадалар мен конкурстар
2023 жылдың шілде-тамыз айларында 4 іс-шара өткізілді, оның ішінде:3 халықаралық, 1 республикалық. Аталған іс –шараларға Астана қаласынан 31 (х/д-24, р/д-7) оқушысы қатысып, 13 (х/д-9, р/д-4) қатысушы жеңімпаз бен жүлдегер атанды:
I орын – 0;
II орын – 6 (х/д-5, р/д-1);
III орын – 7 (х/д-4, р/д-3).
2023 жылдың шілде айының 01-07 күндері аралығында Болгарияның Бургас қаласында халықаралық математикалық байқауы (BIMC-2023) жоғары және кіші лига санаттарында қашықтан өткізілді. Кіші лига санатында 5-7 сынып оқушылары қамтылса, жоғары лигада 8-10 сынып оқушылары қамтылды. Астана қаласы командасынан 7 оқушы қатысып, 2 оқушы жүлделі орындарға ие болды: (II-1, III-1). Кіші лига санатында жеңіске жеткен екі жеңімпаз да, Дарынды ер балаларға арналған «Білім инновация» лицей-интернатының білім алушылары.
2023 жылдың 2-7 шілде аралығында Якутск қаласында (Ресей, Саха Республикасы) математика, химия және информатика пәндері бойынша Халықаралық «Туймаада» олимпиадасы өткізілді. Мектеп оқушылары мен жастардың интеллектуалдық әлеуетін дамыту, оларды іргелі ғылымдармен айналысуға ынталандыру және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мақсатында өткізілген олимпиадаға Астана қаласынан 15 оқушы математика пәнінен қатысты. Елордалық оқушылар халықаралық олимпиадада үздік нәтиже көрсетіп, математика пәні бойынша 5 оқушы (II-3, III-2) жеңімпаз атанды. II орын-3 (Дарынды ер балаларға арналған «Білім инновация» лицей-интернаты, «NURORDA» мектеп-лицейі, «Haileybury Astana School»); III орын-2 (Дарынды ер балаларға арналған «Білім инновация» лицей-интернаты (2).
2023 жылдың шілде айының 3-10 күндері аралығында Біріккен Араб Әмірлігінің Эль-Айн қаласында биология пәнінен халықаралық олимпиада өтті. Биология пәнінен өткен халықаралық олимпиадаға Қазақстан құрама командасынан 4 оқушы қатысты. Аталған олимпиадаға Астана қаласынан 2 оқушы қатысып, 2 оқушы да (II-1, III-1) жүлделі орындарға ие болды. 2 жеңімпаз да, Дарынды ер балаларға арналған «Білім- инновация» лицей- интернатының білім алушылары.
2023 жылдың 08-10 тамыз аралығында Абай облысында жалпы білім беру мекемелернің 8-11 сынып оқушылары арасында XXIV республикалық Абай оқулары өтті. Қазақстанның басқа аймақтарынан жалпы 131 оқушы бақтарын сынады. Астана қаласынан іріктеуден өткен 7 оқушы қатысып, 4 оқушы жүлделі орындарға ие болды: (II-1, III-3). II орын-1 (№87 мектеп-гимназиясы), III орын-3 ((№87 мектеп-гимназиясы (2), №24 орта мектеп).
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК БӨЛІМІ
2023 жылдың 14-16 тамызында әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы және № 59 мектеп-лицейінде Астана қаласы педагогтеріне арналған «ELORDALYQ BILIM» апталығы өтті.
Апталықтың барысында «Бақытты балалық шақ формуласы және құндылықтар: тұлға, отбасы, ұстаз», «Білім беру саласындағы инновация: құндылықтар, үрдістер, технологиялар», «Білім беру саласының цифрлық кеңістіктегі өзгерісі» пленарлық сессиялары ұйымдастырылды. Жаңа оқу жылына стратегиялар, жоспарлар нақтыланып, педагогикалық идеялар ортаға салынды.
«ELORDALYQ BILIM» апталығы аясында педагогикалық шеберлік бөлімі тақырыптық пленарлық отырыстар мен секциялық пікірталас алаңдарында елордалық спикерлердің қатысуын ұйымдастырды. Тәжірибе алмасу мақсатында спикерлер өз жобалары мен зерттеу жұмыстарын ұсынды.
Атап айтқанда, «Әлихан және АЛАШ» үстел ойыны тақырыбына Әлихан Бөкейхан атындағы № 76 МЛ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Досанова Е. әйгілі Чарльз Дэрроудың «Монополия» үлгісімен жасалған интеллектуалды ойынын ұсынды. Сонымен қатар, № 41 ОМ директоры Сыздыкова А., «Группа Роботек» ЖШС атқарушы директоры Шалкарбеков С., «Арман Инжиниринг» ЖШС өкілдігінің жетекшісі Жандос Болат, «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының бөлім басшысы Садвакасова А. «Дизайн мышления как креативный ресурс развития проектно-ориентированной школы», «Роль робототехники в стимулировании креативности и инноваций: как использование роботов может вдохновить учащихся на исследование, разработку новых идей и создание инновационных проектов?», «Об апробации курса «Робототехника» в рамках программы предмета «Көркем еңбек», «Жаңа Қазақстанға: дарынды оқушы, талантты ұстазбен» тақырыптарына: сөз сөйлеп, өз ойларын ортаға салды, тәжірибелерімен бөлісті.
Сондай-ақ, «Білім беру саласындағы цифрлық платформалары, «Үздік педагогтердің педагогикалық технологиялар аллеясы» көрмелерінде педагогтердің озық тәжірибелері ұсынылды.
Пікірталас алаңдарында TED-спикерлер бірегей идеяларымен, тәжірибелерімен бөлісті, ұсынымдар қабылданды.
2023 жылдың 21 тамызында № 73 мектеп-лицейінде педагогикалық шеберлік бөлімі жалпы білім беру ұйымдарының педагогтері арасында «Педагогикалық идеялар панорамасы» қалалық байқауының қорытынды кезеңін өткізді.
Мақсаты: мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамытуға және озық инновациялық тәжірибені таратуға ықпал ету.
Қалалық байқауға қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану- математикалық бағыттар бойынша мектеп мұғалімдерінің қалалық байқауының іріктеу кезеңінен өткен 30-ға жуық мұғалім қатысты.
Қазылар алқасының шешімімен қатысушылар төмендегідей нәтиже көрсетті. Қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша:
I орын – Ахметжанова Динара Асылбековна, №75 мектеп-гимназиясы;
II орын – Касенова Гульмира Талгатовна, Quantum STEM school;
III орын – Гарбуз Любовь Николаевна, №31 мектеп-гимназиясы, Жанабаева Дилара Маратовна, № 27 мектеп-лицейі, Атанова Акбала Амаровна, №5 гимназиясы, Серпутько Тамара Андреевна, Quantum STEM school, Турсынбекова Ляйла Раушанбековна, №42 орта мектебі;
грамота – Минбаева Шуга Жомарткызы, №5 гимназиясы, Оспанова Гульнура Елубаевна, №3 мектеп-гимназиясы;
Жаратылыстану- математикалық бағыт бойынша:
I орын – Смаилова Мендегуль Талгатовна, Quantum STEM school;
II орын – Болатбаева Сауле Муратбековна, № 50 «Қазғарыш» мектеп-лицейі, Каратаева Назым Касымовна, Quantum STEM school;
III орын – Каримова Назымгуль Баритовна, Quantum STEM school, Ауғанбай Серік Дүйсенбекұлы, №53 мектеп-лицейі, Серикбаева Зауре Жанибековна, № 53 мектеп-лицейі;
грамота – Балабанова Олеся Леонидовна, №30 мектеп-гимназиясы, Закбек Амангүл, № 73 мектеп-лицейі, Куралбаева Жулдыз Шохановна, №31 мектеп-гимназиясы, Зампай Құралай, № 44 орта мектебі.