Астаналық өнертапқыштардың жеңісi

Темір құрылғыға жан бітіріп, ой тереңдігі, ақыл кемелдігімен ерекшеленген астаналық оқушылар тағы бір республикалық байқаудың бірнеше жүлдесін қанжығалады. 2023 жылғы 24-25 тамыз күндері Алматы қаласында өткен «World Robot olympiad 2023» халықаралық роботтар олимпиадасының республикалық кезеңінде оқушылар өздері жасаған робототехника саласындағы әзірлемелермен қатысып, жеңімпаз атанды. Республикалық олимпиадда топ жарып, өзге бәсекелестерін артта қалдырған жеңімпаздар:RoboMission. Elementary санаты бойынша «Robolab» командасы – Мансур Биданов, Рустам Анас 1-орынды иеленді. Жүлдегерлер 82-ші «Дарын» мамандандырылған лицейі мен Ә. Кекілбаев атындағы БИНОМ мектебінің оқушылары. RoboMission. Junior санаты бойынша «ROBOTEK Cyrex» командасы – Вагиз Дисембаев, Жанарыс Капаров 1-орынды, «Milestone_two» командасы – Milestone мектебінің оқушылары Ниязбек Жумабек, Омар Запир 2-орынды жеңіп алды. 1-орынды иеленген өнертапқыштар Елордадағы орталық экономикалық лицей мен НЗМ оқушылары.RoboMission. Senior санаты бойынша «ROBOTEK Fusion» командасы – Батырхан Байтереков, Марат Казкенов 1-орынды иеленді. Жүлдегерлер Astana IT College бен №60 мектеп-лицейінің оқушылары.Future Engineers санаты бойынша «ROBOTEK Prime» командасы – QUANTUM STEAM SCHOOL оқушылары Амир Карабаев, Ансар Саурбаев 1 орынды жеңіп алды. Елорда қоржынының алтын және күміс медалдармен толықтырған «World Robot olympiad 2023» халықаралық олимпиадасы республикалық кезеңінің жеңімпаздарын жүлделерімен құттықтаймыз!