Республикалық ғылыми жобалар конкурсы тақырыптарына тіркеу жүргізілетінін туралы хабарландыру

«Астана дарыны» орталығы 2023-2024 оқу жылында өтетін жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсына тіркелу 2023 жылғы қыркүйек айының 7- не дейин «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар ІІ (қалалық) конкурсына қатысушылардың сұранысын ( әрі қарай -Конкурс) 2023 жылғы қыркүйек айының 7-не дейін (ExceLде) түрін rns_zayavki@astanadaryny.kz. электронды поштасына қабылданатынын хабарлайды. Конкурс 4 бағыт, 19 секциядан тұрады:1 бағыт:«Ғылыми –техникалық прогресс –экономикалық өсудің негізгі кілті» (секциялары:физика, техника, Жер және ғарыш туралы ғылым).2 бағыт:«Экономикалық және әлеуметтік жағдаяттарды математикалық буыны ретінде» (секциялары:математика, қолданбалы математика, информатика, экономика). 3 бағыт:«Салауатты табиғи орта – «Қазақстан – 2030» стратегиясын жүзеге асырудың негізі» (секциялары:химия, биология, қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығын ). 4 бағыт:«Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективалы туристік маршруттар» (секциялары:тарих, адам және қоғам, өлкетану, этномәдениеттану, тіл білімі/языкознание/ ағылшын тілі, әдебиет/литература /ағылшын әдебиеті). Сонымен қатар, 4 бағыт, 20 секция бойынша 2023-2024 оқу жылына сұраныс, ғылыми қоғам туралы мәлімет, 2023-2024 оқу жылындағы оқушылардың республикалық ғылыми жобалар І кезеңін өткізу қорытындысы, ағылшын тіліндегі нұсқа (мектеп басшысының қолы, мөрі қойылған, жазбаша және электрондық ExceL) түрде қабылданады. (Қосымшалар 1,2,3).Республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңіне қатысушылардың сұранысын көрсетілген поштаға жібересіздер. 2023 жылғы қыркүйек айының 7-нен кейін қабылданбайды.Қосымша мәліметті мына мекен–жай бойынша ала аласыздар: «Астана дарыны» орталығы, Қабанбай батыр 33, ұ.т.87021228396