Педагогтері арасында «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауының қалалық кезеңі

2023 жылдың 21 тамыз күні 10.30 сағатта № 73 мектеп-лицейінде (А 191 көшесі, 2 үй) «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы бастауыш, орта, қосымша білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасында «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауының қалалық кезеңін өткізеді.Мақсаты: мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамытуға және озық инновациялық тәжірибені таратуға ықпал ету.Тіркелу уақыты: 10.00 – 10.20 сағ.Аталған байқауға іріктеу кезеңінен өткен жалпы орта білім беретін ұйымдардың 5-11 сынып мұғалімдері қатысады.Қосымша мәліметтерді мына мекенжайдан білуге болады: «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы, Қабанбай батыр – 33, қабат -5, кабинет -503, байланыс телефон: 25-01- 60.