Астаналық оқушылар Абай еліне аттанды

Астананың өнерлі оқушылары 2023 жылдың 10-11 тамызында Абай облысы Абай ауданында жалпы білім беру мекмелерінің 8-11 сынып оқушылар арасында өткізілетін XXIV республикалық Абай оқуларына аттанды. Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясының оқушылары Арғынбаева Ұлпан, Сексенбаева Нишонгул, Махсұтқанова Айғаным, Сеилбек Бақдәулет,сондай-ақ №68 мектеп-гимназиясының оқушысы Шілдебай Нұрай, №24 орта мектебінің оқушысы Амзехан Анель, №76 мектеп-лицейінің оқушысы Қайратұлы Абылай 6 түрлі номинация бойынша ақтық кезеңде бақ сынайды. Оқушыларымызға сәттілік тілейміз!