«АСТАНА ДАРЫНЫ» ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ 2023 ЖЫЛДЫҢ МАМЫР АЙЫНДАҒЫ ІС – ШАРАЛАРЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Интеллектуалдық олимпиадалар мен конкурстар

2023 жылдың мамыр айында 25 іс-шара өткізілді, оның ішінде:5 халықаралық, 9 республикалық 10 қалалық және 1 аудандық. Аталған іс –шараларға Астана қаласынан 2898 оқушысы қатысып, 1547 бала жеңімпаз бен жүлдегер атанды:

I орын – 452

II орын – 462

II орын – 633

2023 жылғы 30 сәуір мен 7 мамыр аралығында Астана қаласында Назарбаев Университетінің базасында химия пәнінен оқушылардың 57-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасы өтті.

Оған әлемнің 21 елінен 116 қатысушы қатысты: Австрия, Әзірбайжан, Армения, Венгрия, Израиль, Қазақстан, Қырғызстан, Македония, БАӘ, Сауд Арабиясы, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан, Хорватия және Бразилия және т. б.

Халықаралық Менделеев олимпиадасында Қазақстан құрама командасы химия бойынша республикалық олимпиадалық резервтің мүшелері болып табылатын 15 оқушының бірі, 1 оқушы, Астана қаласындағы Дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11 сынып Смет Әлихан күміс медаль иегері атанды (ІІ орын-1).

Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиада 2023 жылдың 2-4 мамыры күндері аралығында Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында өтті. Аталған олимпиадаға еліміздің барлық қалалары мен облыстарынан 169 оқушы қатысты. Астана қаласының білім беру мекемелерінен (15 мектептен, 16 оқушыдан) құралған командасы қатысты. 8 (I–4, II-2, III–2) оқушыларымыз «Кім жақсының ішінен кім жақсы» екенін дәлелдей білді. Келесі жүлделі орындарға ие болды: І орын-4 оқушы (№24ОМ, 87МГ, 77МГ, А. Байтұрсынов атындағы BINOM School мектеп-лицейі), ІІ орын-2 оқушы (№93МГ, 52МГ), ІІІ орын-2 оқушы (№4МГ, 51МГ), Грамота: 2 оқушы (№74МГ, 65МГ).

2023 жылдың 6 мамыр күні «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасы «БІЛІМ ИННОВАЦИЯ» Халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «NURORDA мектеп-лицейі» базасында өткізілді. «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасына 5 бағыт бойынша Астана қаласынан 10 оқушы қатысып, 5 оқушы оқушы (I–2, III–3) жүлделі орындарға ие болды: I орын- 2 оқушы (Қаныш Сәтбаев атындағы Binom school мектеп-лицейі, №57 Мәшһүр Жүсіп атындағы орта мектеп), III орын-3 оқушы (Дарынды қыз балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты, №93 мектеп-лицейі, Spectrum халықаралық мектебі). Олимпиаданың қорытындысы бойынша Астана қаласы «Ең үздік команда» номинациясына ие болды.

2023 жылғы 8-13 мамыр аралығында Анталия қаласында (Түркия) Халықаралық 40-шы Балқан математикалық олимпиадасы (IMO 2023) өтті. Олимпиада қорытындысы бойынша 22 елден келген 130 оқушы арасында Қазақстан құрама командасынан 6 оқушы жақсы нәтиже көрсетіп, қола медальдарға ие болды. Оның ішінде Астана қаласындағы «Nurorda» мектеп-лицейінің 11 сынып 1 оқушысы қола медаль иегері атанды (III орын-1).

        «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы мемлекеттік және орыстілінде оқытып, тәрбиелейтін мектепке дейінгі ұйымдардағы даярлық топтары арасында XVI «Жұлдызды жол» интеллектуалдық олимпиадасының аудандық кезеңін 2023 жылғы мамыр айының 12-і күні мемлекеттік тілде оқытып, тәрбиеленетін тәрбиеленушілер үшін №69 «Еркем-ай», №93 «Айгөлек» балабақшасында, орыс тілінде оқытып, тәрбиеленетін тәрбиеленушілер үшін №32 «Балдәурен» балабақшасында өткізді.

XVI «Жұлдызды жол» интеллектуалдық олимпиадасының аудандық кезеңіне Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарының 134 тәрбиеленушісі қатысты (мемлекеттік тілде оқытатын 86 тәрбиеленуші және орыс тілінде оқытатын 48 тәрбиеленуші), оның ішінде барлығы 90 тәрбиеленуші (I–13, II–40, III–37) жүлделі орындарға ие болды, 18 тәрбиеленуші грамоталармен марапатталды: мемлекеттік тілде оқыған жүлделі орындарға – 55 тәрбиеленуші (I–8, II–23, III–24) ие болды және орыс тілінде оқытатын 35 тәрбиеленуші жүлделі орындарға ие болды (I– 5, II-17, III–13).

2023 жылдың 19 мамырында «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының ұйымдастыруымен XVI «Жұлдызды жол» интеллектуалдық қалалық олимпиадасы №65 «Бал бала» балабақшасы базасында өткізілді. Аудандық кезеңде I, II жүлделі орын алған 52 тәрбиеленуші қалалық кезеңге қатысты, оның ішінде барлығы 35 тәрбиеленуші (I–4, II–15, III–16) жүлделі орындарға ие болды, 8 бала грамоталармен марапатталды.

2023 жылдың 19 мамырда Астана қаласында 5-6 сынып оқушыларына арналған Республикалық пәндік олимпиадасының (қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, ағылшын, Қазақстан тарихы, математика, қазақ сыныбындағы орыс тілі, орыс сыныбындағы қазақ тілі және жаратылыстану) қорытынды кезеңі Экономикалық лицейінің базасында өткізілді. Қалалық кезеңнен ең жоғары балл жинаған 26 оқушы республикалық кезеңге қатысып, 18 оқушы жүлдегер атанды (І -2, ІІ-6, ІІІ-10) және 3 оқушы грамотаға ие болды: І орын-2 (№82 «Дарын» мамандандырылған лицей, №91 мектеп-гимназия); ІІ орын -6 (№56 мектеп-лицей, Мирас халықаралық мектебі, №72 мектеп-лицей, №37 мектеп-лицей, №59 мектеп-лицей, А.Байтұрсынов атындағы BINOM SCHOOL МЛ); III орын-10 (№46 мектеп-гимназия, №53 мектеп-лицейі, Центральная экономикалық лицей, Экономикалық лицей, №82 «Дарын» мамандандырылған лицей, №37 мектеп-лицей, №64 мектеп-лицей, №91 мектеп-гимназия, №3 мектеп-гимназия, Флагман физикалық-техникалық лицей), 3 оқушы грамотамен марапатталды (Экономикалық лицей, NURORDA мектеп-лицей, №89 мектеп-лицей);

2023 жылдың 20 мамырында Астана қаласының №93 мектеп-лицейінің базасында 4 сынып оқушыларына арналған қалалық пәндік олимпиада өткізілді. Бұл олимпиадаға 582 оқушы қатысты, оның ішінде 284 қатысушы жүлделі орындарға ие болды (I-30, II-80, III-174) және 51 оқушы грамота алды.

«Математика» пәні бойынша 107 оқушы қатысып, 53 оқушы (I- 5, II – 13, III – 35) жүлделі орындардың иегері атанып, 13 оқушы грамотамен марапатталды.

«Ағылшын тілі» пәні бойынша 103 оқушы қатысып, 50 оқушы  (I- 6, II – 14, III – 30) жүлделі орындардың иегері атанып, 13 оқушы грамотамен марапатталды.

«Жаратылыстану» пәні бойынша 107 оқушы қатысып, 55 оқушы (I -3, II-15, III-37)  жүлделі орындардың иегері атанып, 9 оқушы грамотамен марапатталды.

«Қазақ тілі»  пәні бойынша 91 оқушы қатысып, 43 оқушы жүлделі орындардың иегері атанып, 9 оқушы грамотамен марапатталды.

«Орыс тілі» пәні бойынша 72 оқушы қатысып, 32 оқушы жүлделі орындардың иегері атанып, 7 оқушы грамотамен марапатталды.

«Дүниетану» пәні бойынша 102 оқушы қатысып, 51 оқушы жүлделі орындардың иегері атанып, 7 оқушы грамотамен марапатталды.

2023 жылдың 22-24 мамырда Астана қаласында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша  Республикалық жасөспірімдер олимпиадасының қорытынды кезеңі «Думан» қонақ үйі базасында ұйымдастырылып өтті. Қалалық кезеңнен ең жоғары балл жинаған 23 оқушы республикалық кезеңге қатысып, 14 оқушы (І -3, ІІ-5, ІІІ-6) жүлдегер атанды және 4 оқушы грамотаға ие болды: І орын-3 (Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты, №27 мектеп-лицей, NURORDA мектеп-лицейі), ІІ орын-5 (NURORDA мектеп-лицейі (2), Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты (2), «Quantum STEM» мектебі), III орын-6 (Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты (3), №66 мектеп-лицей, №10 мектеп-гимназия, NURORDA мектеп-лицейі), Грамота-4 (№ 2 мектеп-гимназия, Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты (2), NURORDA мектеп-лицейі).

2023 жылғы 21-29 мамыр аралығында Ұлан-Батор қаласында (Моңғолия) физика пәнінен Азия Халықаралық олимпиадасы өтті (APHO). Жыл сайын олимпиадаға Бангладеш, Камбоджа, Қытай, Үндістан, Индонезия, Израиль, Малайзия, Моңғолия, Пәкістан, Румыния, Ресей, Сингапур, Шри-Ланка, Қазақстан, Сауд Арабиясы, Түркия, Тайланд, Тайвань, Вьетнам сияқты әлемнің 22-ден астам елінің өкілдері қатысады. Азия олимпиадасына 2023 оқу жылындағы физика бойынша Республикалық олимпиаданың сегіз жеңімпазы мен жүлдегерлерінен тұратын Қазақстан құрама командасы қатысты. Қазақстан құрама командасының құрамына Астана қаласының 1 оқушысы, Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы қатысты.

«Математика және жобалау» ХVІІ Халықаралық ғылыми конкурсы 2023 жылдың 29 сәуір мен 16 мамыр аралығында онлайн форматта өтті.

Конкурс 12 секциядан тұрды:

1секция-«Табиғат пен қоғамдағы нақты процестердің математикалық модельдері»;

2секция-«Геометриялық миниатюра»;

3секция- «Математика және өнер»;

4 секция-«Математика тарихы»;

5 секция-«Математика ғылымы»;

6 секция-«Сандық ресурстарды құру, бағдарламалау»;

7 секция-«Қаржы математика»;

8 секция-«Ақпарат саласындағы математиканы қолдану»;

9 секция-«Кәсіби бағытталғын есептерді шешу үшін математикалық әдістерді қолдану»;

10 секция-«Желідегі зерттеу жобалары»;

11 секция-«Кәсіби қызметтегі математика»;

12секция-«Юниор».

Астана қаласы білім беру мекемелерінен 5 оқушы 4 жобамен қатысты. (№47 мектеп- гимназиясы, №56 мектеп-лицейі (3), №86 мектеп-гимназиясы) қатысты.

ІІ орын-№47 МГ (ІІ орын-1)

2023 жылғы 12 мамырда Павлодар қаласында «Мәшһүр Жүсіп оқулары» республикалық оқулары өтті. Финалдық кезеңге қатысқан 4 елордалық оқушылар арасынан 2 оқушы жүлдегер атанды. №58 МГ «Мәшһүр Жүсіптің шығармалары бойынша ғылыми жобаны қорғау» номинациясы бойынша және №57 ОМ «Мәшһүр Жүсіптің шығармаларындағы ұлы тұлғалар» бағыты бойынша ІІІ орынға ие болып, «Дарын» РҒПО дипломдарымен, бағалы сыйлықтармен марапатталды. (III-2)

2023 жылғы 13 мамырда Абай Құнанбаев атындағы №87 мектеп-гимназиясының базасында «Абай оқулары» республикалық оқуларының қалалық іріктеу кезеңі өтті.

Оқулар 6 номинация бойынша өтті:

1.      «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы…» (Абай өлеңдерін жатқа оқу)

2.      «Абайдың қара сөздері»

3.      «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» (ақындар мүшайрасы)

4.      «Ұлылар әлемі» эссе жазу

5.      «Көңілім әнді ұғады» (Абай, Шәкәрім әндерін орындау)

6.      «Абайдың ақын-шәкірттері»

6 номинация бойынша оқуларға елордалық мектептердің 218 оқушысы қатысты. Оның ішінде 97 оқушы жүлделі орындарға ие болды (Бас жүлде-6, І орын-12, ІІ орын-26, ІІІ орын-53, грамота-25).

2023 жылғы 16-17 мамырда «Ілияс Жансүгіров» республикалық оқу байқауы онлайн форматта өтті. Астана қаласынан 3 оқушы қатысты.

«Ілияс-қазақ поэзиясының ақыны» номинациясында №58 МГ алғыс хат, «Ұлы тұлғаға арнау» номинациясында №67 гимназиясы ІІІ орын, «Ілияс-сөз шебері» номинациясында №26 МГ II орын алды. (II-1, ІІІ-1)

2023 жылғы 20 мамырда №56 мектеп-лицей базасында «Мағжан оқулары» республикалық оқуларының қалалық кезеңі өткізілді.

Оқулар 3 номинация бойынша өтті:

1.      «Жасынан оқу оқып, өнер қуған….» ғылыми жоба жұмысы номинациясы;

2.      «Өлең-менің Шолпаным, Айым, Күнім» Мағжанның шығармаларын жатқа оқу номинациясы;

3.      «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» жас ақындардың мүшайрасы.

3 номинация бойынша оқуларға елордалық мектептердің 109 оқушысы қатысты. Оның ішінде жүлделі орындарға 48 оқушы ие болды (І орын – 3, ІІ орын-17, ІІІ орын-28, грамота-8).

2023 жылдың 4-5 мамыр күні ҚР Тұңғыш Президенті музейінің көпфункционалды залында «Robotek Grand Tournament 2023» республикалық чемпионатының финалы алты санат: робо-сумо, биатлон (кіші санат), эстафета және лабиринт, кегельринг-квадро, биатлон (жоғары санат) және сызық бойымен жүрубойынша өтті.

Чемпионатқа Астана қаласынан 14 оқушы қатысып, төмендегідей жетістіктерге қол жеткізді ( I орын –2, II орын – 2) .

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Дарын» РҒПО-ның I, II, III дәрежелі дипломдарымен, медальдармен марапатталды және сәйкесінше чемпионат серіктесі тағайындаған 100000, 70000, 50000 теңге сомасында ақшалай сертификаттары табысталды.

2023 жылдың 12 мамырында Қазақстанның алғашқы Әнұранының сөзін жазған авторлардың бірі, туған жерге деген ыстық ықыласы мен махаббатын жырлап өткен қазақтың атақты классик ақыны, поэзия алыбы Қадыр Мырза Әлі шығармашылығына арналған «Қадыр мұрасы» бірінші қалалық байқауы  өтті.

4 номинация бойынша өткен байқауға елордалық білім беру мекемелерінен 170 оқушы қатысты («Жас суретші» -56 , «Жас оқырман» – 48, «Жас оператор» – 39, «Жас өнертапқыш» – 27 ).

Нәтижесінде 73 қатысушылар төмендегідей жетістіктерге қол жеткізді: Бас жүлде-2, I орын –12, II орын– 23. III орын – 36, грамота -27 .

2023 жылдың 13 мамырында №9 «Зерде» мамандандырылған мектебімен бірлесіп Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Әлихан Мақсұт атындағы «RoboZerde-2023» І қалалық робототехника фестивалі (әрі қарай – Фестиваль)  төрт санат: шығармашылық caнaт «Робототехника, IT» (12-18 жас), биатлон кіші санат (10-13 жас), биатлон үлкен санат (14-17 жас) және лабиринт (14-17 жас) бойынша өтті. Фестивальда елордалық 40 мектептен 75 команда (150 оқушы) сайысқа түсті.

Сайыс нәтижесінде Фестивальға қатысқан 23 оқушылар келесі жетістіктерге қол жеткізді: І орын- 8, ІІ орын – 7, ІІІ орын –8.

2023 жылдың 20 мамырында  №59 мектеп-лицейімен бірлесе отырып, мемлекеттік білім беру мекемелерінің 3-5 сынып оқушылары арасында «Scratch ортасында бағдарламалау» зияткерлік-шығармашылық байқауын ұйымдастырып, өткізді.

Оқушылардың танымдық, зияткерлік, шығармашылық бастамаларын жандандыру және дамыту мақсатында өтіп отырған «Scratch ортасында бағдарламалау» зияткерлік-шығармашылық байқауына елорда білім беру мекемелерінен 145 оқушы ( 3 сынып – 54, 4 сынып – 57, 5 сынып – 34) қатысты.

Байқау қортындысы бойынша 67 қатысушылар төмендегідей жетістіктерге қол жеткізді: І орын – 8, ІІ орын –19, III орын–40, грамота – 20

2023 жылдың 20 мамырында «NURORDA» мектеп-лицейімен бірлесіп «NURORDA Junior Olympiad» математикалық олимпиадасын өткізді.

Математика пәніне қабілеті жоғары, дарынды балаларды анықтап, ынталандыру мақсатында өткен олимпиадаға 79 елордалық білім беру мекемелерінен – 494 оқушы (5 сынып – 249, 6 сынып – 245 ) қатысты.

Олимпиада нәтижесінде 236 қатысушылар келесі жетістіктерге қол жеткізді: І орын-43, ІІ орын-87, III орын-106.

2023 жылдың 19-21 мамыр аралығында «Балдәурен -Қапшағай» базасында Н.А.Оразахынованың «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы зертханасы бойынша «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты III халықаралық олимпиадасы өтті.

Астана қаласынан 41 топ (161 оқушы) қатысып, оның 156-сы төмендегідей жетістіктерге қол жеткізді: I орын – 116, II орын – 23, ІІІ орын -17.

2023 жылдың 12 мамырында «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінде 5-6 сынып оқушылары арасында «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының республикалық кезеңі өтті.

ОлимпиадағаАстана қаласы білім беру мекемелерінен 11 оқушы қатысты. Оның ішінде 10оқушы: 1 – бас жүлде, I орын – 1, II орын – 6, III орын -2) жүлделі орындарға ие болды.

 2023 жылдың 26 мамырында Ілияс Жансүгіров атындағы №58 мектеп-гимназиясымен бірлесе 8-10 сынып оқушылары арасында «Қазақ хандығы» қалалық турнирін ұйымдастырып, өткізді. Турнирда 49 қатысушы бағын сынады.

Турнир қорытындысы бойынша қатысушылар келесі атақтарға ие болып, жеңіске жетті:

  • «Хан» (Бас жүлде) – Шымырбек Нұрайым, Әлихан Бөкейхан атындағы. Binom School МЛ;
  • «Сұлтан» (І орын) –  Манат Қайсар, №69 МГ;
  • «Сұлтан» (І орын) – Әсілхан Нығметхан, №58 МГ;
  • «Сұлтан» (І орын) – Қайрат Асатулла, №56 МЛ (Бас жүлде-1, I-3)

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК БӨЛІМІ

2023 жылдың 5 мамырында Астана қаласы Қ. Сәтпаев атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінің базасында 57-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасының аясында «Жаңа химия оқулықтарын жазу керек пе?» дөңгелек үстелінің отырысы өтті.

Аталған іс-шараның жұмысына елордалық педагог-химиктер, басқа елдерден келген қатысушы командалардың жетекшілері, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, Білім беру мазмұнын сараптау орталығы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы және «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының өкілдері қатысты.

Ағылшын тілінде сөз сөйлегендердің қатарында елордалық дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицейінің химия пәні мұғалімі Гюрташ Чолак Нагехан болды.

Қатысушылар жаңа химия оқулықтарын жазудың маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті, оларға қойылатын талаптарды талқылады, озық тәжірибелер мен тәжірибе алмасу анықталды.

2023 жылдың 2 мамыр күні аль-Фараби атындағы оқушылар сарайы базасында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 57-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасының аясында «Химиядан олимпиада тапсырмаларын шешу» семинарын өткізді.

Аталған семинарға елордалық педагог-химиктер, жақын шетелдің, Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, Білім беру мазмұнын сараптау орталығы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы және Астана қ. Әдістемелік орталығының өкілдері қатысты.

Семинар барысында «Білім-Инновация» Халықаралық қоғамдық қорының химия пәні бойынша әдіскері, елордадағы тұрақты спикер Сыздықов Асқар Төлегенұлы мектеп оқушыларын олимпиаданың түрлі кезеңдеріне дайындау тәжірибесімен бөлісті.

Жақын шетелдің түкпір-түкпірінен келген қатысушылар мен елордалық химия пәні мұғалімдері білім мен тәжірибе алмасып, күрделі есептерді шешудің жаңа жолдарын іздеді.

2023 жылдың 3 мамыр күні «NURORDA» мектеп-лицейінің базасында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 57-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасының аясында «Химияны заманауи оқытудағы эксперименттің орны мен рөлі» дөңгелек үстелінің отырысын өткізді.

Аталған іс-шараның жұмысына жақын шетелдің, Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, Білім беру мазмұнын сараптау орталығының, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы және Астана қ. Әдістемелік орталығының өкілдері қатысты.

Елордалық педагог-химиктер дөңгелек үстелдің отырысына белсенді қатысты.

Жақын шетелден келген қатысушылар мен елордалық педагог-химиктер білім мен тәжірибе алмасып, эксперименттің заманауи химияны оқытудағы рөлі мен орнын талқылады.

2023 жылдың 18 мамыр күні № 17 «Ер-төстік» № 47 «Ақ желкен», № 54 «Нұр-ай», № 72 «Жанарым», № 83 «Жансая» мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының (балабақшалардың) базасында Астана қаласының Әдістемелік орталығы мен «Астана дарыны» дарынды балаларды және талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Полиция департаментінің қолдауымен мектепке дейінгі ұйымдарға арналған жол жүру ережесі бойынша дәстүрлі қалалық «Брейн-ринг» байқауын өткізді.

  Мақсаты – жол жүру ережелері, көліктің түрлері, жол белгілері, жаяу жүргінші өтпелерінің түрлері және бағдаршамның дабылдары бойынша білімдерін анықтап, жол жүру ережесі бойынша белгілердің өмірдегі маңыздылығын білу, кез-келген жағдайда қауіпсіздік пен тәртіпті сақтауын жетілдіру.

  Байқауға мектепалды топ тәрбиеленушілерінен құралған – 102 топ (әр топта-5 тәрбиеленуші (510 қатысушы)) тәрбиешілер, педагогтер (дене шынықтыру нұсқаушылары, музыка жетекшілері) қатысты.

  Комиссия шешіміне сәйкес Байқаудың жеңімпаздары анықталып, бас жүлдемен – 16 балабақша, I дәрежелі дипломмен  – 19, II – 20, III – 18 балабақша марапатталды (I-175, II-100, III-90).

  Педагогтер мен тәрбиеленушілерге қатысқандары үшін сертификаттар, жеңімпаздарға дипломдар табысталды.

2023 жылдың 22-23 мамыр күндері № 35 мектеп-лицейінде дәстүрлі мектепішілік «Үздік педагог-2023» сайысының қорытынды кезеңі өтті.

  Сайыстың мақсаты – талантты, шығармашыл ұстаздарды анықтау және қолдау.

  Іс-шараға тәуелсіз сарапшы ретінде «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы «Педагогикалық шеберлік» бөлімінің басшысы Садвакасова А.Д. және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті кітапханасының мәдени-ағартушылық жобалар қызметінің жетекші ғылыми қызметкері Оспанова Ә.Ә. шақырылды.

  Қазылар алқасының шешімімен мектептің үздік ұстаздары анықталып, дипломдармен марапатталды және оларға ынталандыру сертификаттары табысталды:

– Бас жүлде: көркем еңбек пәні мұғалімі Қазыбек А.Қ.

– 1-орын: математика пәні мұғалімі Жанкина А. С.

– 2-орын: ағылшын тілі пәні мұғалімі Амантаева М. О.

– 3-орын: математика пәнінің мұғалімі Жорықбаева И.Ә., биология пәні мұғалімі Хасенова К. Н.

 «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы «Золотая книга» баспасымен елорданың 25 жылдығына арналған «Астана» мерейтойлық кітабын дайындау мақсатында 2018-2023 жылдар аралығында білім деңгейін көтеруге үлес қосқан мұғалімдер тізімін дайындады.

Педагогикалық шеберлік бөлімі«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының Ғылыми кеңесінің, «Педагогикалық идеялар панорамасы» қалалық байқауының және «Қазақстанның зияткерлік әлеуеті» Оқушылардың ғылыми қоғамы конкурсының ережелерін дайындады.

«QABILET» КӘСІБИ БАҒДАРЛАУ БӨЛІМІ ҚЫЗМЕТ БӨЛІМІ

2023 жылдың 3 мамыр күні Қазақстан Республикасы Оқу Ағарту министрлігі «Республикалық қосымша білім беру оқу әдістемелік орталығының» ұйымдастыруымен «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумы қашықтық форматында өтті. Форумға 4 номинация бойынша Астана қаласы білім беру мекемелерінің 11-17 жас аралығындағы 9 оқушы қатысты.

Форумның мақсаты: Қазақстанның еңбек нарығы мен экономикасының болашағында сұранысқа ие және қажетті болашақ мамандықты сәтті таңдау үшін білім алушылардың мамандықты оқып білуге шығармашылық тәсілдемесін жандандыру, білім алушылар мен педагогтерді бірлескен қоғамдық маңызды кәсіби бағдар қызметіне тарту.

Ағымдағы жылдың 25 мамыр күні форумның марапаттау рәсімі Zoom платформасында онлайн форматында өтті. 180-ге жуық оқушы қатысқан форумда елордалық оқушылар жақсы нәтижеге қол жеткізді. Елордамыздан форумға 9 оқушы қатысып, қорытындысында:

«Мен мамандықты таңдаймын» номинациясы бойынша:

I орын – Кызылбаев Алихан Талгатович – Дарынды ер балаларға арналған «Білім инновация» лицей-интернаты, ағылшын тілінде.

«Мамандық тұлғасы» номинациясы бойынша:

II орын – Муканова Малика Муратовна – Ә. Бөкейхан атындағы BINOM SCHOOL мектеп –лицейі, орыс тілінде.

«Менің кәсібім-менің бизнесім» номинациясы бойынша:

III орын – Жасымбек Мәди Ғаниұлы – №9 «Зерде» мамандандырылған мектебі, орыс тілінде.

(I-1, II-1, III-1)