«Туймаада»Халықаралық олимпиадасының қорытындысы

Математика, физика, химия және информатика пәндері бойынша «Туймаада» халықаралық олимпиадасы 2023 жылғы 02-07 шілде аралығында қашықтықтан өткізілді.
Елордалық оқушылар халықаралық олимпиадада үздік нәтиже көрсетіп, математикадан түрлі деңгейдегі 5 медальді жеңіп алды.
Күміс медальді-Абзал Тансыкбай (Дарынды ер балаларға арналған «Білім инновация» лицей-интернатының) оқушысы, Мухаммед Нагашбек («NURORDA») және «Haileybury Astana School» оқушысы Мерей Темирзинова иеленсе, Дарынды ер балаларға арналған «Білім инновация» лицейінің оқушылары Бекбосын Нұрсұлтан мен Бексұлтан Сайлаубай қола жүлдеге лайықты деп танылды.
Астана қаласының оқушыларын, сондай-ақ олардың мұғалімдері мен ата-аналарын үздік нәтижелерімен құттықтаймыз!