Биология бойынша Халықаралық олимпиаданың қорытындысы

Елордалық зияткерлердің биологиядан жыл сайын өтетін халықаралық олимпиададағы нәтижесі 100 пайыздық межемен аяқталды. Астаналық оқушыларда 2 медаль: Дінмұхамед Омар күміс медаль жеңіп алса, Бақтыбай Ғалымжан қола медаль иеленді. Екеуі де дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицейінің оқушылары. 2023 жылғы шілденің 2-сі мен 11-і аралығында Дубайда өткен олимпиадада әлемнің түкпір-түкпірінен келген жас зияткерлер биологиядан білімдерін сарапқа салды. Биология бойынша Халықаралық олимпиадаға қатысқан Қазақстан құрамасындағы 6 оқушының екеуі астананың жас биологтары Дінмұхамед Омар мен Бақтыбай Ғалымжан. Елордалық зияткерлерді беделді халықаралық білім сайысындағы кезекті жеңістерімен құттықтаймыз!