Білім беру мекемелерінің рейтингін талдау – білім ордасының беделі мен оқыту тиімділігін бағалаудың ең сенімді әдістерінің бірі.
Рейтингтің негізгі ережесі - оқушылардың не үйренгенін және зияткерлік іс-шараларда қандай нәтижелер көрсеткенін нақты нәтижелермен бекіту.
«Дарын» РҒПО жыл сайын рейтинг бойынша үздік 100 мектепті анықтап, сайтқа жариялайды.
«Дарын» РҒПО рейтингі бойынша Астана қаласының командасы жыл сайын көшбасшылық позицияны ұстанып, алдыңғы қатарда келеді.
Биылғы 2022-2023 оқу жылы да жылдағыдай нәтижелі болды. Оқу жылы барысында өткізілген республикалық олимпиадалардың қорытындысы бойынша 7 елордалық мектеп «Қазақстанның үздік 100 олимпиадалық мектебі» қатарына енді. Елорданың үздік мектептерінің саны жыл сайын артып келе жатқаны қуантады.
Білім мекемелерінің рейтингін шығару барысында жасалатын аналитикалық материал мектептердің сапалы әрі тиімді жұмыс жүргізуіне ықпал етеді, мектеп әкімшілігі пен мұғалімдердің өз жұмыстарына басқа қырынан қарап, дамудың негізгі бағыттарын бағалауға және оларды түзетуге көмектеседі.
«Астана дарыны» орталығы елордалық үздік мектептерді жетістіктерімен құттықтайды және Астана қаласының өзге де мектептерінің нәтижелі жұмыс істеп, үздіктер қаратынан көрінуіне тілектестігін білдіреді!