FIRST Global Challenge роботехника жарысы

«Астана дарыны» орталығы «Дарын» РҒПО 21.06.2023 №451/15-11-07 хаты негізінде 2023 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес USTEM Robotics қоғамдық қорымен бірлесе отырып, Қазақстан мектеп оқушыларына FIRST Global Challenge роботехника жарысына іріктеу өткізетінін хабарлайды.Мақсаты – мектеп оқушыларын адамзаттың жаһандық мәселелерін шешуге тарту және Stem пәнін танымал ету. І кезең: 4-25 шілде аралығында онлайн режимінде өтеді. ІІ кезең: 7-9 қыркүйек аралығында Астана қаласында өтеді. Финалдық кезең қазан айында Сингапурда өтеді.​Іріктеу жарысына қатысу үшін https://forms.gle/LPDbLgYWXUhTf86U8 сілтеме бойынша тіркелу қажет.