«Педагогикалық идеялар панорамасы»
қалалық байқауының іріктеу кезеңін өткізу
туралы ақпарат

Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2023 жылдың 21-23 маусым аралығында «Педагогикалық идеялар панорамасы» қалалық байқауының іріктеу кезеңін өткізді.
Іріктеу кезеңіне қатысу үшін жалпы білім беру ұйымдарының 77 педагогі тіркеліп, өтінім қалдырды. Оның ішінде байқауға қатысқандары – 46.
Байқаудың іріктеу кезеңі қазылар алқасының шешімі бойынша 27 педагог (жаратылыстану-математикалық бағыт – 12, қоғамдық гуманитарлық бағыт – 15 педагог) қалалық кезеңге өтті.