Республикалық Мағжан оқуларының қорытындысы

Республикалық «Мағжан оқулары» ғылыми-шығармашылық байқауы
2023 жылдың 23-25 маусым аралығында Петропавл қаласында өтті. Астана қаласынан 2 оқушы қатысып,екеуі де жүлделі орынға ие болды. Олардың бірі елордалық № 52 мектеп-гимназияның 10-сынып оқушысы –Назалы Ахан «Ақында бір бала ғой айға ұмтылған» номинациясы бойынша ІІІ орынға қол жеткізсе, екіншісі № 26 мектеп-гимназияның 8-сынып оқушысы – Нұрсая Нарбай «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» номинациясы бойынша жүлделі ІІ орын иеленді.

Жүлдегер оқушыларымызды және оларды осы додаға арнайы баптаған жетекшілерін құттықтаймыз! Сөз тізгінін ұстайтын дарындарымыз көп болсын!