Астана қаласының жас зерттеушілер командасы «Ең үздік команда» атағын жеңіп алды

2023 жылғы 2-7 сәуірде жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытынды кезеңінде Астана қаласының 57 жас зерттеушісі өздерінің инновациялық жобаларын ұсынып, олардың 37-сі жүлделі орындарға ие болды: құрама қоржынында 13 алтын, 13 күміс және 11 қола медаль. Байқау Google Meet платформасында онлайн форматта өтті.
Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің I, II және III дәрежелі дипломдарымен, және алтын, күміс және қола медальдармен марапатталды.
«Дарын» РҒПО-ның рейтингісіне сәйкес елордалық команда І орынға және «Ең үздік команда – 2023» атағына ие болды!
Астана қаласының оқушыларын құттықтаймыз, жоғары нәтижелер мен жаңа құнды жобалар тілейміз!