«Мен жастарға сенемін … »

«Мен жастарға сенемін … »

Осындай өлең жолдарымен өскелең ұрпаққа үлкен сенім артқан ақын, қоғам қайраткері Мағжан Жұмабаев шығармашылығын насихаттауға арналған республикалық «Мағжан оқулары» ғылыми-шығармашылық байқауы биыл Петропавл қаласында жас дарындардың басын қосып отыр.
2023 жылдың 23-25 маусым аралығында жалпы білім беретін мектеп оқушыларының арасында өтетін республикалық шараға Астана қаласынан 2 оқушы қатысады. Олардың бірі елордалық № 52 мектеп-гимназияның 10-сынып оқушысы –Назалы Ахан «Ақында бір бала ғой айға ұмтылған» номинациясы бойынша, екіншісі № 26 мектеп-гимназияның 8-сынып оқушысы – Нұрсая Нарбай «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» номинациясы бойынша өнер көрсететін болады.
Байқауға қатысушылардың сәтті өнер көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінулеріне тілектеспіз!