Елордалық зияткер Еуропалық физикалық олимпиаданың (EuPhO) күміс жүлдесін иеленді

35 елден 200 оқушы қатысқан Еуропалық физикалық олимпиада (EuPhO) Германияның Ганновер қаласында өтті. Аталған білім бәскесіндегі қазақстандық жас физиктер құрамасының медалі еуропалық олимпиададағы лайықты жеңіс. Қазақстан ұлттық командасының еуропалық олимпиададағы көрсеткіші – 1 күміс, 2 қола және 1 грамота. Ұлттық құрамадағы мықты 5 жас физиктің қатарындағы Әмірғали Мәліков – Астана қаласының дарынды жастарына арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы. Әмірғалидың есімі халықаралық олипиада қозғалысындағы жаңа есім емес, бірегей есім. Әмірғалиды халықаралық олимпиададағы тағы бір жеңісі, құрметті марапаты – КҮМІС МЕДАЛІМЕН құттықтаймыз! Нақты ғылымдарға деген сүйіспеншілік, тәртіп пен жоғары жауапкершілік – елордалық жас зияткердің бүгінгі жетістігінің құпиясы! Физика пәнінен өткен халықаралық олимпиададағы дарынды балаларымыздың көрсеткен нәтижесі – жаратылыстану-ғылыми пәндер бойынша дайындық жүйесінің дұрыс бағытта құрылғанын көрсетті. «Астана дарыны» орталығы Әміралиды күміс жүлдесімен құттықтайды және бұдан да биік шыңдарды бағындыруына тілектестін білдіреді! Жеңімпазға көрсеткен қолдаулары мен жоғары деңгейдегі сайысқа дайындығы үшін ұстаздары мен ата-аналарына ерекше алғыс білдіреміз! Елорда қоржыны тек жоғары марапаттар мен алтын медальдарға толсын!