Еуропалық физикалық олимпиада (EuPhO) басталады.

Биыл физикадан оқушылар арасындағы халықаралық жарыс Ганновер (Германия) қаласында өтеді. Дәстүрлі жарысқа 35 елден 200-ге жуық оқушы қатысады. Еуропалық физикалық олимпиада-бұл физика ғылымына ерекше қызығушылық танытқан дарынды оқушыларға арналған халықаралық аймақтық олимпиада. Олимпиадада бақ сынайтын Қазақстанның ұлттық командасы 5 қатысушыдан тұрады.Олар ағымдағы жылы республикалық олимпиадада физикадан жоғары нәтижелер көрсеткен, оқу-жаттығу жиындарына қатысып, қатаң іріктеуден өткен олимпиадалық резервтің мүшелері. Ең үздік физиктер қатарында Астана қаласы дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11- сынып оқушысы Әмірғали Мәлік бар. Қазақстандық команданы физика пәнінен көптеген республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы және жүлдегері, қазіргі кезде физика пәнінен жас зияткерлердің жаттықтырушысы Ахын Жақсылық басқарады. Жас зияткерлерге сәттілік және жеңіс тілейміз!