Әл-Бируни атындағы халықаралық химия олимпиадасы өз мәресіне жетті.

Ағымдағы жылдың 11-17 маусым күндері аралығында Хива қаласында (Өзбекстан)химиядан әл-Бируни атындағы халықаралық олимпиада өтті. Еліміздің намысын Қазақстан командасының құрамында аймақтық «Білім-Инновация» лицейлерінің 11 оқушысы қорғады. Олимпиада қорытындысы бойынша оқушылар 3 күміс және 4 қола медальға ие болды. Астана қаласындағы дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицейінің11- сынып оқушысы Смет Әлихан күміс медальмен марапатталды. Елордалық дарынды зияткерді лайықты жеңісімен құттықтаймыз!