ХVІ республикалық «Бастау» математикалық турнирдің қорытындысы

2023 жылғы маусым айының 09–13 күндері аралығында ХVІ республикалық математикалық «Бастау» турнирі Ш. Смағұлов атындағы Алматы облыстық мамандандырылған физика-математика мектеп-интернатының базасында ұйымдастырылып өтті. Астана қаласы білім беру мекемелерінен аталған турнирдің қалалық кезеңі бойынша үздік шыққан №66 мектеп-лицейінің және Экономикалық лицейінің командалары қатысты.Турнирдің республикалық кезеңі 3 турда ұйымдастырылды: І тур «Әу, баста!» (командалық сынақ); ІІ тур «Асық» (командалық сынақ); ІІІ тур «Математикалық бәйге» (жеке сынақ).Берілген тапсырмаларды жоғары деңгейде орындаған Экономикалық лицейінің командасы жалпыкомандалық І орын және №66 мектеп-лицейінің командасы жалпыкомандалық ІІ орын иеленді. Сонымен қатар қатысушылардың арасынан озық шыққан оқушылар марапатталды: І орын – Малдыбай Алдияр, Экономикалық лицейінің 4-сынып оқушысы;ІІ орын – Кириллов Тимофей, Экономикалық лицейінің 2-сынып оқушысы;ІІІ орын –Арын Алидар, Экономикалық лицейінің 3-сынып оқушысы;ІІ орын – Киманова Айлана, №66 мектеп-лицейінің 3-сынып оқушысы;ІІІ орын – Ербол Жайсаң, №66 мектеп-лицейінің 2-сынып оқушысы;Грамота- Ондасынов Нурали, №66 мектеп-лицейінің 4-сынып оқушысы.Республикалық математикалық «Бастау» турнирдің жүлдегерлерін, ата-аналарын және оларды дайындаған мұғалімдерін құттықтаймыз!