ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ОЛИМПИАДАЛАР МЕН КОНКУРСТАР
2023 жылдың сәуір айында 24 іс-шара өткізілді, оның ішінде: 2 халықаралық, 7 республикалық және 15 қалалық. Аталған іс -шараларға Астана қаласынан 3555 оқушысы қатысып, 861 бала жеңімпаз бен жүлдегер атанды:
І орын – 164; ІІ орын – 276; ІІІ орын – 421.
2023 жылдың 4-20 сәуірі аралығында жаратылыстану-математикалық бағыттағы биология, география, химия, физика, информатика және математика пәндері бойынша олимпиадалық резервтің оқу-жаттығу жиындары өтті.
Оқу-жаттығу жиындары: биология және география пәндері бойынша Астана қаласындағы «Edlight Academy» базасында; физика және химия пәндері бойынша Алматыда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында,
9 – 20 сәуір аралығында Astana it University базасында информатика, «Республикалық физика-математика мектебі» КЕАҚ (Алматы қ.) базасында математика пәндері бойынша өтті.
2023 жылдың 13-19 сәуір аралығында Порторож қаласында (Словения) қыздарға арналған Еуропалық математикалық олимпиада (EGMO) өтті. Олимпиадаға әлемнің 60 елінен 240 ең үздік математик қыз қатысты. ҚР құрама командасының құрамында «Haileybury Astana» мектебінің 12 – сынып оқушысы қатысып, күміс медаль жеңіп алды.
2023 жылдың 14 сәуір күні жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер пәндік олимпиадасының ІІІ (қалалық) кезеңі онлайн форматта №72 мектеп-лицейінде өтті. Астана қаласы жалпы білім беру мекемелерінен барлығы 404 оқушы (7- сыныптан 195 оқушы, 8-сыныптан 209 оқушы) қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша 179 оқушы жүлделі орындарға ие болды: I орын – 28; II орын – 62; III орын – 89. Оның ішінде 7-сынып – 87 оқушы: 13-алтын, 30-күміс, 44-қола (орындау сапасы – 45%); 8-сынып – 92 оқушы: 15-алтын, 32-күміс, 45-қола (орындау сапасы – 44%).
2023 жылдың сәуір айының 18-20 күндері аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша өткен республикалық олимпиаданың қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша ІV қорытынды кезеңіне еліміздің барлық өңірінен 9-11(12) сыныптан 730 оқушы қатысты.
Астана қаласының білім беру мекемелерінен 45 оқушы қатысты. Оның ішінде 20 оқушы 3 алтын, 3 күміс, 14 қола (орындау сапасы-44%) иеленді.
2023 жылдың 27 сәуір күні жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер пәндік олимпиадасының қоғамдық-гуманитарлық ІІІ (қалалық) кезеңі офлайн форматта №87 мектеп – гимназия базасында өтті.
Астана қаласы жалпы білім беру мекемелерінен барлығы 408 оқушы қатысты. 198 оқушы жүлделі орындарға ие болды: I орын – 32; II орын – 60; III орын – 106 (орындау сапасы – 48,5%). Оның ішінде 7-сынып – 96 оқушы: 14-алтын, 27-күміс, 55-қола (орындау сапасы – 48%); 8-сынып – 102 оқушы: 18-алтын, 33-күміс, 51-қола (орындау сапасы – 44%).
22 сәуірде №89 мектеп-лицей базасында 2-4 сынып оқушылары арасында «Бастау» математикалық турнирінің қалалық кезеңі өтті. Қалалық кезеңге 153 оқушы өтті: қазақ тілінде оқытатын 30 команда (90 қатысушы) және орыс тілінде оқытатын мектептердің 21 командасы (63 қатысушы).
Бастауыш сынып оқушыларына арналған «Бастау» республикалық математикалық турнирінің сырттай іріктеу (29 наурыз- 2 сәуір) кезеңіне барлығы 99 командыдан (297 оқушы): қазақ тілінде оқытатын мектептердің 57 командасы және орыс тілінде оқытатын мектептердің 42 командасынан өтінімдер қабылданды
«Бастау» математикалық туринирінің қорытындысы бойынша 72 жүлделі орын: Бас жүлде -6, I орын – 12, II орын – 18, III орын -36, сертификаттар – 24.
Қазақ тілінде оқытатын мектептер арасындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер: Бас жүлде – 1 (№66 МЛ); І орын-2 (№88 МЛ, Экономикалық лицей); ІІ орын -3 (№№54МЛ,73МЛ, Ә.Бөкейханов ат. Binom); 3 орын-7 (№№89МЛ,38МЛ,18ОМ, 81«Astana English School»,82 «Дарын»МЛ,86МГ, Квант); Диплом -4 (№№48мл, 77МГ, 83МГ, 87МГ).
Орыс тілінде оқытатын мектептердің арасында:
Бас жүлде – 1(Экономикалық лицей); Іорын-2 (№№6Г, «Центральная»ЭЛ); II орын -3 (№№ 1МЛ, 3МГ, 75МГ); ІІІ орын-5 (№№ 27МЛ,31МГ,35МЛ,47МГ, «Seed Educatoinal Complex»); Диплом-4 (№№26МГ, 65МГ,89МЛ, Қ.Сәтбаев атын. БИНОМ). Бас жүлдені жеңіп алған №66 мектеп-лицейі мен Экономикалық лицей командалары республикалық кезеңге жолдама алды.
2023 жылдың 4-7 сәуір күндері аралығында онлайн форматта Google Meet платформасында жалпы білім беретін пәндер бойынша 8-11 сынып оқушыларына арналған республикалық ғылыми жобалар конкурсы 4 бағыт, 19 секция бойынша өтті.
Конкурстың әрбір секциясы алдын ала жоспарланған кесте бойынша өткізілді. Астана қаласынан 47 жобамен 58 оқушы қатысты.
Ақтық кезеңнің қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен Астана қаласынан 29 жобамен 37 жеңімпаз анықталды. Оның ішінде 13 қатысушы (10 жоба) I дәрежелі диплом және алтын медальмен, 13 қатысушы (10 жоба) II дәрежелі диплом және күміс медальмен, 11 қатысушы (9 жоба) III дәрежелі диплом және қола медальмен марапатталды. Сонымен қатар 8 қатысушыға (8 жоба) «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының сертификаттары табыс етілді.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша (математика, химия, информатика секциялары) ең үздік 3 жоба Regeneron ISEF-2023 (АҚШ) Дүниежүзілік ғылым және технологиялар көрмесінде Қазақстанның атынан ұсынылатын болады, оның ішінде әлемнің түкпір-түкпірінен келген мектеп оқушыларының ғылыми жобаларының үздік өнертабыстары ұсынылатын химия секциясында Астанадағы №60 мектеп-лицейінің 10 – сынып оқушысы Сүлеймбеков Алдияр бар.
2023 жылы 8 сәуір күні 8 – 11 сынып оқушылары арасындағы республикалық Мақатаев оқуларының қалалық кезеңі №74 мектеп-гимназиясында өткізілді. Конкурсқа 112 оқушы қатысты.
Конкурстың 3 номинациясы бойынша:
«Айтып өткен ақында арман бар ма?» – ақын өлеңдерін жатқа оқу – 53 оқушы;
«Жыр эстафетасы» – ақын поэмаларын жатқа оқу – 25 оқушы;
«Көкірегімде жыр сәулесі маздайды…» – эссе жазу – 34 оқушы қатысты. 42 қатысушы жүлделі орындарға ие болды : І орын -10 (Бас жүлде – 3, І орын – 7) ; ІІ орын-13; ІІІ орын-19; грамота-15.
Бас жүлде алған 3 (№№24ОМ, 54МЛ, 67Г.) оқушы республикалық кезеңге жолдама алды.
2023 жылдың 21 сәуірінде Мәшһүр Жүсіп Көпеев атындағы №57 орта мектепте Астана қаласының жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық Мәшһүр Жүсіп оқуларының қалалық іріктеу кезеңі өтті.
Мәшһүр Жүсіп оқуларының мақсаты – Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының рухани мұрасын насихаттау, жеке тұлғаның интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін дамыту, әдебиетті, тіл мен өнерді қастерлейтін оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашу.
Қалалық кезеңге 72 мектептен 156 оқушы қатысты. Олардың ішінде 75 қатысушы жүлделі орындарға ие болды: І орын-12 (Бас жүлде – 4, І орын – 8), ІІ орын-27, ІІІ орын-36, грамота-24.
Конкурс 4 номинация бойынша өтті.
1. «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» – ақындар мүшәйрасы.
2. Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» – ғылыми зерттеу жобасын қорғау .
3. «Білімді зерек адам болам!» – десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен» – эссе.
Мәшһүр-Жүсіп шығармалары және «Ұлы даланың ұлы есімдері» – ұлттың ұлы тұлғаларын сипаттау.
Әр номинация бойынша бас жүлде алған оқушылар Мәшһүр Жүсіп оқуларының республикалық кезеңінде елорда намысын қорғайды.
2023 жылдың 22 сәуір күні 5-8 сынып оқушылары арасында «ProEco» қалалық конкурсы кезеңіне Астана қаласы жалпы білім беру мекемелерінен 134 оқушы қатысты. Конкурс 4 бағыт бойынша өтті:
1 бағыт – «Туған өлке табиғаты»;
2 бағыт – «Мені қоршаған әлем- ғажайып әлем»;
3 бағыт – «Үздік экологиялық бастама»;
4 бағыт – «Таза қала сізден басталады».
Оның ішінде 73-оқушы (І-5, ІІ-29, ІІІ-40, грамота-20) жүлделі орындарға ие болды: «Туған өлке табиғаты» – 17 оқушы (І-1; ІІ-5; ІІІ-6, грамота-5).
«Мені қоршаған әлем – ғажайып әлем» – 9 оқушы (І-1; ІІ-1; ІІІ-6, грамота-1).
«Үздік экологиялық бастама» – 46 оқушы (І-2; ІІ-16; ІІІ-21, грамота-7).
«Таза қала сізден басталады» – 19 оқушы (І-1; ІІ-5; ІІІ-7, грамота-6).
5-8 сынып оқушыларына арналған «ProEco» республикалық экологиялық жобалар конкурсы 2023 жылдың 26-27 сәуір күндері 4 бағыт бойынша онлайн форматта өтті.
Астана қаласы жалпы білім беру мекемелерінен 4 бағытпен 5 оқушы қатысты: №79 МЛ, Tamos Space мектебі, 83 МГ, №8 МЛ.
Конкурс қорытындысы бойынша 3 оқушы жүлделі орындарға ие болып, І, ІІ дәрежелі дипломдармен ( I орын – 2, II орын-1) және 1 оқушы грамотамен марапатталды.
2023 жылдың 28 сәуір күні «Астана дарыны» орталығы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті кітапханасымен бірлесе отырып 8-11 сынып оқушыларының арасында «Әлемді өзгертетін идеялар» атты қалалық ғылыми жобалар конкурсын өткізді. Конкурс Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті кітапханасында өтті.
Конкурстың мақсаты – дарынды жастарды ғылымға, техникаға қызығушылығын арттыра түсу, оқушылардың ғылыми-зерттеу қабілетін дамыту.
Конкурс 3 секция бойынша өтті:
1-секция: «Жаңғыртылатын энергия – болашақ энергиясы» (физика, техника, Жер және Космос);
2-секция: «Қоршаған орта және адам денсаулығын қорғау» (химия, биология, экология, медицина);
3-секция: «Архитектура. Құрылыс».
Қалалық конкурсқа 51 білім беру мекемесінен 110 жоба, 145 оқушы қатысты.
Конкурстың қорытындысы бойынша 145 елордалық оқушының арасынан 74 оқушы жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанып, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. І орын – 13, ІІ орын – 22, ІІІ орын – 39, Грамота – 16.
2023 жылдың 7 сәуірде «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Ілияс Жансүгіров атындағы №58 мектеп-гимназиясымен бірлесіп ұйымдастырған 8-11 сынып оқушылары арасындағы «Қазақ поэзиясының Құлагері» қалалық Ілияс Жансүгіров оқуларына елорда мектептерінен 53 оқушы қатысты. Оның ішінде 19 оқушы жүлделі орындарға (Бас жүлде-1, І орын – 3, ІІ орын – 6, ІІІ орын – 9, грамота- 9) ие болды.
Бас жүлде: №67 Г ;
I орын: № 26 МГ, № 58 МГ, № 69 МГ ;
II орын: № 58 МГ; № 2 МГ , 63 МГ, «Zharkyn Smart»; № 2 МГ, № 51 МГ;
III орын: № 49 ОМ , № 7МГ , №4 МГ ; № 34 ОМ , №48 МЛ, №70 МЛ; № 7МЛ , №58 МГ , Қ. Сәтбаев ат. Binom School МЛ;
Грамота:№ 83 МГ, № 91 МГ, № 37 МЛ , № 49 ОМ, № 81МГ , №83 МГ , № 35 МЛ, №54 МЛ, Ы. Алтынсарин ат. Binom School МЛ.
2023 жылдың 12 сәуірінде «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы М.О.Әуезов атындағы №86 мектеп-гимназиясымен бірлесіп қалалық «М.О. Әуезовтің рухани шәкірттері» аймақтық ғылыми жобалар байқауын ұйымдастырды. Байқауға елордалық білім беру мекемелерінен 29 оқушы, Шығыс Қазақстан облысынан 1 оқушы, Жамбыл облысынан 3 оқушы қатысты. Оның ішінде 12 оқушы ( I орын – 1, II орын – 6, III орын -5 , грамота – 5) жүлделі орындарға ие болды.
I орын: № 86 МГ;
II орын: № 86 МГ, 66 МЛ, № 83 МГ, Қ. Мырза Әлі ат.Binom School МЛ, №38 МЛ, №9 «ЗЕРДЕ» ММ;
III орын: № 52 МГ, Ы.Алтынсарин ат. Binom School МЛ, №26 МГ, №75 МГ, №7 МГ;
Грамота: Қ.Мырза Әлі ат.Binom School МЛ,№ 35 МЛ, №50 МЛ, № 8 МЛ, №64 МЛ.
2023 жылдың 14 сәуірінде«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы «Роботек» білім беру және спорттық робототехника мектебімен бірлесе отырып «Сызық бойымен жарыс» санатындағы роботтар жарысын №8 мектеп-лицейінде өткізді. Жарысқа Ережеге сәйкес мемлекеттік білім беру мекемелерінен 58 оқушы (әр мектептен 14-17 жас аралығындағы бір команда қатысты. Роботтар жарысы үшін қатысушылар берілген траектория бойынша басынан аяғына дейін жүре алатын автономды робот дайындады. «Сызық бойымен жарыс» санатындағы роботтар жарысы қатысушыларының ішінен озып шыққан жеңімпаздар мен жүлдегерлер қазылар алқасының шешімімен «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау орталығының I, II, III дәрежелі дипломдары, грамоталарымен12 оқушы марапатталды (I орын: 2; II орын:4 ; III орын: 6; грамота: 6) .
I орын: №1 МЛ;
II орын: № 31 МГ, 68 МГ;
III орын: №8 МЛ, 51 МГ, 86 МГ;
Грамота: №60 МЛ, 38 МЛ, 67 Г.
2023 жылдың 26-28 сәуірінде «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы химия және биология пәндері бойынша 7-8 сынып оқушылары арасында республикалық жасөспірімдер олимпиадасын (бұдан әрі – Олимпиада) өткізді. Олимпиада «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен «ZERDE-LIDER» білім беру орталығымен бірлесе ұйымдастырылды. Олимпиадаға 7-8 сынып оқушыларына арналған жасөспірімдер олимпиадасының қорытындысы бойынша жоғары рейтинг көрсеткен оқушылар қатысты.Кең ауқымды білім олимпиадасына Қазақстанның 16 облысынан 168 оқушы қатысты: биологиядан – 86 оқушы (7-сынып – 44, 8-сынып – 42); химиядан – 82 оқушы (7-сынып – 38, 8-сынып – 44).
Олимпиадада өз білімдерін сынауға 19 астаналық білім беру мекемелерінен 31 оқушы қатысты:
- биология пәнінен – 19 оқушы (7-сыныптан – 11, 8 – сыныптан – 8);
- химия пәнінен – 12 оқушы (7-сыныптан – 4, 8 – сыныптан -8) қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша елордалық 15 оқушы жүлделі орындарға ие болды: (І орын -2 , ІІ орын – 6, III орын -7 және грамота – 7):
биология (7 сынып): I орын- 1, II орын- 4, III орын-3, грамота -1
биология (8 сынып): III орын-3, грамота -3;
химия (7 сынып):, II орын- 2, грамота -2;
химия пәні (8 сынып): I орын-1, II орын- 1, III орын – 1, грамота – 1.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен және Олимпиаданың жыл сайынғы демеушісі – Exxon Mobil компаниясының бағалы сыйлықтарымен марапатталды:
Биология пәні бойынша (7 сынып): I орын: «БИЛ» , Астана қ.; II орын : №11ОМ; Қадыр Мырза Әлі атындағы BINOM SCHOOL МЛ; №46 МГ. Астана қ.; III орын : №51МГ, АстанаҚ. ; ШГ №22, Астана қ.; №26МГ, Астана қ.; грамота: «БИЛ» қыз., Астана қ..
Биология пәні бойынша (8 сынып): III орын : «NURORDA» , Астана қ ; №2МГ, Астана қ.; «БИЛ» қыз., Астана қ. ; грамота: Әлихан Бөкейхана атындағы BINOM SCHOOL , Астана қ.; №46МГ, Астана қ.; №84МЛ, Астана қ.. Химия пәні бойынша (7 сынып): II орын: №84МЛ , Астана қ.; «NURORDA»МЛ , Астана қ.; грамота: №6Г, Астана қ.; №66МЛ , Астана қ..
Химия пәні бойынша (8 сынып): I орын: «NURORDA»МЛ , Астана қ..
II орын : «NURORDA» МЛ, Астана қ.,III орын: №27 МЛ, Астана қ..
Грамота: Қ.Сәтпаев атындағы BINOM SCHOOL , Астана қ.. Жалпыкомандалық есепте Павлодар облысы I орын, Ақтөбе облысы II орын, Шығыс Қазақстан облысы III орын иеленіп, командалар арнайы дипломдармен марапатталды.
2023 жылдың 27 сәуірінде «Астана дарыны» орталығы Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп – гимназиясымен бірлесе отырып 3-4 сынып оқушылары арасында ІІІ қалалық «Бала Абай» байқауынөткізді.
Абай шығармаларын сүйіп оқуға баулуға бағытталған іс-шараға елордалық білім беру мекемелерінен 148 оқушы ( 3 сыныптан – 74 оқушы, 4 сыныптан – 74 оқушы) қатысты.
Нәтижесінде байқауға қатысушылар төмендегідей жетістіктерге қол жеткізді:
I орын: 12; II орын: 22;III орын: 32; грамота: 12.
3 – сынып (I орын: 6; II орын: 12; III орын: 16;грамота: 11).
4 – сынып (I орын: 6; II орын: 10;III орын: 16; грамота: 1).
3 – сынып:
I орын: №24 ОМ; №40 МЛ; №58 МГ; №66 МЛ, №86 МГ, №87 МГ;
II орын: № 3 МГ, №31МГ, №37 МЛ, №48 МЛ, №51 МГ, №61 ОМ, №67 Г, №68 МГ, №73 МЛ, №74 МГ,№77 МГ, №87 МГ;
III орын: №4МГ, №10 МГ, №14 МГ, №19 ОМ, №26 МГ, №38 МЛ, №50 МЛ, №57 ОМ,№60 МЛ, №70 МЛ, №72 МЛ, №78 МГ, №83 МГ, Қадыр Мырза Әлі ат.BINOM, Ы.Алтынсарин ат. BINOM; Қ.Сәтбаев ат. BINOM;
грамота: № 2МГ, №6 Г, №8 МЛ, №27 МЛ, №44 ОМ, №49 ОМ, №55 ОМ, №62 МЛ, №63 МГ, №75 МГ, №76 МЛ.
4 – сынып:
I орын: № 51МГ, №56МЛ, №73МЛ, №86МГ, №87МГ, Қ.Сәтбаев атындағы BINOM;
II орын: № 3МГ, №7МГ, №24ОМ, №32МГ, №40МЛ, №48МЛ,№54МЛ, №95МЛ, 61ОМ,65МГ ;
III орын: №19ОМ, №28МЛ, №30МГ, №33БМК, №34ОМ, №50МЛ, №52МГ, №57ОМ, №72МЛ, №74МГ, №76МЛ, №80МГ, № 83МГ, №88МЛ, №93МГ, А.Байтұрсынов атындағы BINOM;
Грамота: №38МЛ.
Педагогикалық шеберлік бөлімі
2023 жылдың 14 сәуірінде № 9 «Зерде» мамандандырылған мектебінде «Астана дарыны» орталығы Қазақстан математика мұғалімдері қауымдастығымен бірлесе отырып жас математик мұғалімдерге арналған олимпиадасын (III шығармашылық байқауды) өткізді.
Олимпиаданың мақсаты – ұстаздардың беделін арттыру, кәсіби шеберлігін насихаттау, тәжірибемен алмасу.
Олимпиадаға 58 білім беру ұйымынан 110 педагог қатысты.
Олимпиадаға қатысушыларға «Астана дарыны» орталығы және Қазақстан математика мұғалімдері қауымдастығының сертификаттары табысталды. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды: I орын – 9, II орын – 10, III орын – 20.
2023 жылдың 26 сәуірінде № 8 мектеп-лицейінде «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының қалалық кезеңін өткізді (бұдан әрі – Олимпиада).
Мақсаты – жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау; білім беру жүйесін жетілдіруге жас мұғалімдердің белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру.
Олимпиада қалалық кезеңіне 37 білім беру ұйымынан 65 жас педагог: педагог-ұйымдастырушылар (тәлімгерлер), психологтер және жас мұғалімдер, сонымен қатар қалалық білім беру ұйымдары 9-11 сыныптарының 16 оқушылар командасы қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша қатысушылар төмендегідей нәтиже көрсетті: педагог-ұйымдастырушылар (тәлімгерлер): I орын -1, II орын -2, III орын-3, грамота-3; педагог – психологтер:І орын-1, II орын-1, III орын-2, грамота-3; жаратылыстану-математика бағыты: I орын-1, ІI орын-2, III орын-3, грамота-3; гуманитарлық бағыт: I орын-2, ІI орын-4, III орын-6, грамота-6; бастауыш сынып мұғалімдері: I орын-1, ІI орын-1, III орын-1, грамота-1; жоғары сынып оқушылары: I орын-2, ІI орын-2, III орын-4, грамота-4.
2023 жылдың 28 сәуірінде № 26 мектеп-гимназиясында (бұдан әрі – мектеп) «Мұғалім. Жетекшілік ету қуанышы» I халықаралық жастар форумы өтті.
Форумның мақсаты – кәсіби өзін-өзі анықтауды сүйемелдеуді және мұғалім мамандығын насихаттауды қамтамасыз ету үшін педагогикалық және оқытушылар мен студенттер қауымдастығын шоғырландыру. Бұл форум Астана қаласы пилоттық мектеп жобасы құрамындағы мектептердің педагогтік сынып бағытындағы оқушылары мен ЕАГИ, және ҚИИБ колледждерінің студенттерін біріктірген педагогикалық сыныптарды ашуды бастаудың бірегей алаңына айналды.
Форум аясында түрлі форматтағы іс-шаралар өткізілді. Соның бірі – серіктестік сабақтар (мектептің мұғалім-оқушы педагогикалық сыныбы).
«Астана дарыны» дарынды балаларды және талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының әдіскерлері (Садвакасова А.Д, Мугалова Ғ.Қ., Билалова А.С.) 1 «Ә», 7 «А», 9 «Б», 8 «А» сыныптарында қазақ тілі, биология, ана тілі, дене шынықтыру, дүниежүзі тарихы пәндері бойынша «Спорт өнер ме? Қожаның қиялы», «Тұқым қуалаушылықтың генетикалық заңдылықтарының цитологиялық негіздері», «Бота.Тасымал.», «Допты беру және қабылдау техникасын үйрету», «АҚШ-тағы ғылыми-техникалық революцияның қазіргі әлемдегі елдердің дамуына әсері» тақырыптарында ұйымдастырылған ашық сабақтарға қатысты.
Бүгінгі форумның аясында өткізілген іс-шаралардың мектеп түлектерінің педагогикалық оқу орындарын саналы түрде таңдауына, оқушылардың педагогикалық мамандыққа деген қызығушылығын оятуына өз үлесін қосады деген сенімдеміз.
2023 жылдың 27 сәуірінде Қаныш Сатпаев атындағы BINOM SCHOOL және Қадыр Мырза Әлі атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейлерінде «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы (бұдан әрі – «Астана дарыны» орталығы) химия және биология пәндері бойынша7-8 сынып оқушыларының республикалық жасөспірімдер олимпиадасы барысында химия, биология пәндерінің мұғалімдеріне арналған «Олимп шыңына апарар жол» тренинг-семинарларын (бұдан әрі – семинар) өткізді.
Семинарға аймақтардан және елордалық 20-дан астам жетекші қатысты.
Семинар барысында химия және биология пәндерінің педагогтері дәрістер оқып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Атап айтқанда, Еуразия Ұлттық Университетінің Жалпы биология және геномика кафедрасы профессорының м.а., биология ғылымдарының кандидаты Динмухамедова Айгуль Салимжановна, Еуразия Ұлттық Университетінің Жалпы биология және геномика кафедрасы биология ғылымдарының кандидаты Дүкенбаева Асия Дарбаевна, «Білім-Инновация» Халықаралық Қоғамдық Қорының әдіскері Сыздыков Аскар Тулегенович өз ойларын ортаға салды.
Семинар барысында жетекшілерден «Астана дарыны» орталығының аймақтардағы химия және биология мұғалімдері үшін тәжірибемен алмасу мақсатында онлайн семинарлар ұйымдастыруы жөнінде ұсыныстар түсті.
2023 жылдың 26-27 сәуірінде «Алтын орда» бизнес орталығында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығымен «Дарынды және ынталы оқушыларды сүйемелдеудің кешенді бағдарламасын әзірлеу» тақырыбында кезекті оқу-әдістемелік кеңесінің отырысы өткізілді.
Кеңес отырысының мақсаты – дарынды және ынталы оқушыларды анықтау және қолдаудың психологиялық-педагогикалық әдістерін бейімдеу, Қазақстанда дарынды және ынталы оқушыларды дамыту және қолдау бойынша әдістемелік кешен әзірлеу мәселелерін талқылау.
Кеңес отырысына № 82 «Дарын» мамандандырылған лицейінің директоры Қашаулиева Гүлмира Көкталқызы мен № 9 «Зерде» мамандандырылған мектебінің директоры Аманов Нұрбек Қамбарбекұлы қатысып, оқу процесінде дарынды және ынталы балаларды жан-жақты психологиялық-педагогикалық қолдаудың маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті.
«QABILET» КӘСІБИ БАҒДАРЛАУ ҚЫЗМЕТ БӨЛІМІ
2023 жылдың 3-4 сәуірінде «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының «Qabilet» кәсіптік бағдар қызметі бөлімі «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп білім беру ұйымдарының 11-сынып оқушылары мен олардың ата-аналарына Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларын бағалау бойынша вебинар өткізді.
Вебинарға елорданың Алматы (497 оқушы), Сарыарқа (447 оқушы), Байқоңыр және Есіл (546 оқушы) аудандарының білім беру ұйымдарының оқушылары қатысты.
Онлайн вебинарда «Астана Дарыны» орталығының «Qabilet» кәсіптік бағдар беру қызметінің өкілдері мен «Атамекен» ҰКП өкілі қатысушыларға мамандық таңдау және Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары туралы айтты.
Ағымдағы жылдың 13-14 сәуір күндері қалалық «WorldSkills Astana 2023» кәсіби шеберлік чемпионатынының аясында «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беру мекемелерінің 8-9 сынып оқушылары (14-16 жас) арасында қалалық «JasSkills Astana 2023» чемпионатының іріктеу кезеңі өтті. Чемпионаттың іріктеу кезеңіне 26 білім беру мекемесінен 61 оқушы 6 құзыреттілік бойынша қатысты.
«Кәсіпкерлік» құзыреттілігі бойынша чемпионаттың қалалық кезеңіне 6 мектептің командалары (№9 Зерде, ,№55,№15,Zharkyn Smart School, №1, А.Бөкейхан ат. Binom мектеп-лицей) өтті.
«Сән технологиясы» құзыреттілігі бойынша қатысушылар 3 модульден чемпионаттың қалалық кезеңіне 6 оқушы (№№25,82,77,65,38, А.Бөкейхан ат. Binom мектеп-лицей) жолдама алды.
«Мейрамханалық сервис» құзыреттілігі бойынша чемпионаттың қалалалық кезеңіне 5 оқушы (№№35,65,1,83,8,) өтті.
«Веб-дизайн және әзірлеу», «Графикалық дизайн», «Мобильді қосымшаларды әзірлеу» құзіреттіліктері бойынша іріктеу кезеңіне 33 оқушы қатысты.
Қазылар алқасының шешімімен «Веб-дизайн және әзірлеу» құзіреттілігі бойынша 6 оқушы (№№25,30,38,52,76,37); «Графикалық дизайн» құзіреттілігі бойынша 6 оқушы (№65,8, 11,5,52, 58); «Мобильді қосымшаларды әзірлеу» құзіреттілігі бойынша 5 оқушы (№№9,66,8,60 А.Байтұрсынов ат. Binom мектеп-лицей) чемпионаттың қалалық кезеңіне жолдама алды.
2023 жылдың 17-28 сәуір аралығында «JasSkills Astana 2023» кәсіби шеберлік қалалық чемпионаты өтті. Чемпионатқа 26 жалпы білім беру мекемелерінен 9 құзыреттілік бойынша 57 оқушы қатысты.
Жеңімпаздар медальдармен және дипломдармен марапатталды. Нәтижесі төмендегідей:
«Сән технологиясы» құзыреттілігі: 1 орын -№82 «Дарын» мамандырылған лицейі; 2 орын – №25 орта мектеп; 3 орын – №77 мектеп-гимназия;Үздік маман (медальон) – №65 мектеп-гимназия. «Кәсіпкерлік» құзыреттілігі : 1 орын – Zharkyn Smart School; 2 орын – №9 «Зерде» мамандырылған мектеп; 3 орын – №1 мектеп-лицей; Үздік маман (медальон) – А.Бөкейхан ат. BINOM SCHOOL лицей. «Мейрамханалық сервис» құзыреттілігі : 1 орын – №35 мектеп-лицей; 2 орын – №83 мектеп-гимназия; 3 орын – №38 мектеп-лицей; Үздік маман (медальон) – №8 мектеп-лицей. «Электромонтаждық жұмыстар» : 1 орын – №22 мектеп-гимназия; 2 орын – №53 мектеп-лицей; 3 орын – №22 мектеп-гимназия; Үздік маман (медальон) – №9 Зерде мамандырылған мектеп. «Веб-дизайн және әзірлеу» құзыреттілігі:1 орын – №37 мектеп-лицей; 2 орын – №52 мектеп-гимназия; 3 орын – №38 мектеп-лицей; Үздік маман (медальон) – №30 мектеп-гимназия. «Мобильді қосымшаларды әзірлеу» құзыреттілігі:1 орын – №9 Зерде мамандырылған мектеп; 2 орын – №8 мектеп-лицей; 3 орын – №66 мектеп-лицей; Үздік маман (медальон) – №60 мектеп-лицей. «Графикалық дизайн» құзыреттілігі:1 орын – №8 мектеп-лицей; 2 орын – №5 гимназия; 3 орын – №11 мектеп-лицей;Үздік маман (медальон) – №58 мектеп-гимназия. «Мехатроника» құзыреттілігі:1 орын – №9 «Зерде» мамандырылған мектеп; 2 орын – А.Байтұрсынов атындағы Binom school лицей; 3 орын- Ә.Бөкейхан атындағы Binom school лицей; «Мобильді робототехника» құзыреттілігі :1 орын – №68 мектеп-гимназия; 2 орын – №9 «Зерде» ММ; 3 орын – №52 мектеп-гимназия.