«Педагогикалық идеялар панорамасы» қалалық байқауын өткізу туралы ақпарат

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы бастауыш, орта, қосымша білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасында «Педагогикалық идеялар панорамасы» қалалық байқауының өтетіндігін хабарлайды.Байқау екі кезеңде өтеді:1 кезең – сабақтың ҚМЖ әзірлеу, сабақты талдау, бейнеролик жасау (іріктеу кезеңінің онлайн форматы);2 кезең – панорамалық сабақтардың шебер-сыныбы (офлайн формат). Байқауды өткізу мерзімдері:- мектепке дейінгі ұйымдар – 2024 ж. қаңтар;- бастауыш мектеп, қосымша білім беру ұйымдары, колледждер, білімберу орталықтары – 2023 ж. қараша;- орта білім беру ұйымдары (5-11 сыныптар) – 2023 ж. тамыз.(тамыз кеңесі аясында).5-11 сынып педагогтерінен өтінімдер қабылдау – 2023 ж. 5-15 маусымғадейін сілтеме арқылы: https://forms.gle/VW7cPpMZ9A4FiYGx6 жіберілуі керек.Іріктеу кезеңі – 2023 ж. 17-30 маусым; Соңғы кезең – 2023 ж. тамыз.