«Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумының қорытындысы

2023 жылдың 3 мамыр күні Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Республикалық қосымша білім беру оқу – әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумы қашықтық форматында өтті.​Форумның мақсаты: Қазақстанның еңбек нарығы мен экономикасының болашағында сұранысқа ие және қажетті болашақ мамандықты сәтті таңдау үшін білім алушылардың мамандықты оқып – білуге шығармашылық тәсілдемесін жандандыру, білім алушылар мен педагогтерді бірлескен қоғамдық маңызды кәсіби бағдар қызметіне тарту. 2 маусым күні форумның марапаттау рәсімі Республикалық қосымша білім беру оқу – әдістемелік орталығында өтті. Жеңімпаздарға: I орын – планшет, II орын – смарт сағат, III орын – сымсыз құлаққап табысталып, қатысқаны үшін сертификат және дипломдармен марапатталды.«Мен мамандықты … таңдаймын» номинациясы бойынша: I орын – Кызылбаев Алихан Талгатович, Дарынды ер балаларға арналған «Білім инновация» лицей-интернаты,ағылшын тілінде. «Мамандық тұлғасы» номинациясы бойынша: II орын – Муканова Малика Муратовна, Ә. Бөкейхан атындағы BINOM SCHOOL мектеп -лицейі, орыс тілінде.«Менің кәсібім-менің бизнесім» номинациясы бойынша:III орын – Жасымбек Мәди Ғаниұлы, №9 «Зерде» мамандандырылған мектебі, орыс тілінде.Жеңімпаздарды құттықтаймыз!