Экскурсия

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті 2022-2023 оқу жылының қорытындысы бойынша оқуда, шығармашылықта және спортта жетістіктерге жеткен оқушыларды көтермелеу мақсатында 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күнінде жалпы білім беретін мектептердің 9-10 сыныптарының 48 оқушысы мен 5-6 сыныптарының 20 оқушысы үшін Ақорданың Президенттік резиденциясына танымдық экскурсия өтті.
Экскурсияға оқу үздіктері, халықаралық және республикалық зияткерлік олимпиадалардың,
интеллектуалдық, спорттық жарыстардың, ғылыми және шығармашылық жобалар конкурстарының жеңімпаздары шақырылды.
Астана қаласы бойынша экскурсияға №6 гимназия мектебінің 9 – сынып оқушысы Тюлюбаев Даниэль, №82 «Дарын» мамандырылған лицейінің 9 – сынып оқушысы Жолмұхан Айтөре, №59 мектеп-лицейінің 6 – сынып оқушысы Серік Асылмұрат қатысты.
Бағдарлама бойынша оқушылар «Ақорда» резиденциясына, ҚР Тұңғыш Президенті музейіне экскурсия жасап, Қ.Қуанышбаев атындағы музыка-драма театрында болды.
Оқушылар бағалы сыйлықтармен марапатта

@bilimastana
@oqu_agartu_ministrligi
@gani.beisembayev
@akimat_nur_sultan
@jenis__kasymbek
@s_kassymkhan