«Мен зерттеушімін» мектепке дейінгі жастағы балалар арасында республикалық зерттеу жұмыстары байқауының қорытындысы

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы ҚР ОАМ «Балаларды ерте дамыту институты» РММ 2023 жылға арналған жоспарына сәйкес қоршаған әлеммен өзара қарым-қатынас жасауына қажетті танымдық және зерттеушілік әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгерту, экологиялық ұғымдарды қалыптастыру мақсатында бейнематериалдар бойынша зерттеу жұмыстарына арналған «Мен зерттеушімін» республикалық байқауының (бұдан әрі – Байқау) қалалық кезеңін 2023 жылдың 28 сәуірінде орталықтың базасында өткізді. Қалалық кезеңнің І орын (№35 “Ертегі” бб,№20 «Арайлым» бб, №32 «Балдәурен» бб), ІІ орын (№3 «Күншуақ» бб) иегерлері республикалық кезеңге қатысып,төмендегідей нәтиже көрсетті: «Тапқыр зерттеуші» номинациясы – №20 «Арайлым» бб «Креативті жұмыс» номинациясы – №32 «Балдәурен» бб. Жобалар байқауында ерекшеленген балабақша бүлдіршіндерін және жетекші, ата-аналарын құттықтаймыз.

https://www.instagram.com/tv/CsnlPeSodmo/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng==