«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы және «EF Education First» ЖШС-і білім беру мекемелері оқушыларының арасында ағылшын тіліндегі сөздерді әріптеп айтудың (спеллинг) үздік дағдысын меңгерген оқушыларды анықтау үшін «EF Spelling Bee» жобасын өткізді. EF Spelling Bee – бас жүлде (екі жеңімпаздың Ұлыбританиядағы EF Тіл мектебіне сапары) үшін әртүрлі конкурстық сынақтарға қатысу арқылы ағылшын тілін меңгеру дағдыларын дамытуға бағытталған жоба. Жобаның мақсаты – мектеп оқушыларына ағылшын тілін үйренуді насихаттау және олардың ағылшын тілін меңгеру деңгейін тексеру. «EF Spelling Bee» байқауы 2023 жылдың 15 ақпаны мен 25 сәуірі аралығында екі кезеңде өтті. Байқауға республика мектептерінің (Алматы қаласы мен Алматы облысынан басқа) 7-9 және 10-11 сынып оқушылары қатысты. Бірінші кезеңде қатысушылар EF EFSET тестілеуі арқылы ағылшын тілінен жалпы білімдері бойынша сайысты. Жобаға 212 мектеп қатысты. Тестілеу қорытындысы бойынша елорда мектептерінен 24 оқушы үздік нәтиже көрсетіп финалға өтті.Байқаудың екінші кезеңі (24-25 сәуір) Astana IT университетінде өтті. Финалда ағылшын тіліндегі сөздерді әріппен айту дағдылары бағаланды (спеллинг). Байқау қортындысы бойынша қатысушылар төмендегідей жетістіктерге қол жеткізді:7 – 9 сыныптар арасында -І орын – Алина Тажмұрат, №5 Г;ІІ орын – Алихан Болатжан, № 91 МГ;ІІІ орын – Аяна Илькеева, Қ. Сәтпаев атындағы Binom School МЛ;10 – 11 сыныптар арасында -І орын – Елхан Жаппас, «Canadian International School» мектебі;ІІ орын – Мурат Әубәкір, Б. Момышұлы ат. №53 МЛ;ІІІ орын – Мирас Тулеубаев, №52 МГ.Жобаның І орын алған екі жеңімпазы Ұлыбританиядағы EF Тіл мектебіне 2 аптаға бару мүмкіндігін иеленді. ІІ және ІІІ орын иегерлеріне дипломдар мен «EF Education First» білім беру орталығында оқуға ақшалай сертификаттар тапсырылды. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!