«Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумының қорытындысы

2023 жылдың 3 мамыр күні Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Республикалық қосымша білім беру оқу – әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумы қашықтық форматында өтті. Форумның мақсаты: Қазақстанның еңбек нарығы мен экономикасының болашағында сұранысқа ие және қажетті болашақ мамандықты сәтті таңдау үшін білім алушылардың мамандықты оқып білуге шығармашылық тәсілдемесін жандандыру, білім алушылар мен педагогтерді бірлескен қоғамдық маңызды кәсіби бағдар қызметіне тарту. Ағымдағы жылдың 25 мамыр күні форумның марапаттау рәсімі Zoom платформасында онлайн форматында өтті. 180-ге жуық оқушы қатысқан форумда елордалық оқушылар жақсы нәтижеге қол жеткізді. Елордамыздан форумға 9 оқушы қатысып, қорытындысында:«Мен мамандықты … таңдаймын» номинациясы бойынша:I орын – Кызылбаев Алихан Талгатович – Дарынды ер балаларға арналған «Білім инновация» лицей-интернаты, ағылшын тілінде.«Мамандық тұлғасы» номинациясы бойынша:II орын – Муканова Малика Муратовна – Ә. Бөкейхан атындағы BINOM SCHOOL мектеп -лицейі, орыс тілінде.«Менің кәсібім-менің бизнесім» номинациясы бойынша:III орын – Жасымбек Мәди Ғаниұлы – №9 «Зерде» мамандандырылған мектебі, орыс тілінде. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!