Қалалық «Алтын сақа» олимпиадасының марапаттау рәсімі

2023 жылдың 22 мамырында «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебімен бірлесіп ұйымдастырған 3-4 сынып оқушыларының қалалық «Алтын сақа» олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі Б.Момышұлы атындағы №53 мектеп-лицейінде өтті. Марапаттау салтанатына мектеп директорлары, олимпиадаға қатысқан оқушылар мен ата-аналары, жетекші мұғалімдері қатысты. Салтанатты марапаттау рәсімінің ашылуында «Алтын сақа» олимпиадасының авторы Ырысбек Мәуітұлы мен «Астана дарыны» орталығы директорының орынбасары Буралкиева Гульбакыт Мукашевна олимпиада қатысушыларын құттықтап, оларға келешекте толағай табыстар тіледі. 3-4 сыныпқа арналған қалалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының Бас жүлде, І, II, III дәрежелі дипломдары табысталды және «Зерделі» ақыл-ой мектебі атынан оқуға жеңілдіктер берілді. Командалық есеп бойынша мектептер Бас жүлде және І, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды:Бас жүлде – №85 мектеп-лицейі;І орын – Қадыр Мырза Әлі атындағы Binom school мектеп-лицей;ІІ орын – «Zerdeli International School Astana» мектебі, «Центральная» экономикалық мектебі, №82 «Дарын» мамандандырылған лицейі, Д.Қонаев атындағы №66 мектеп-лицейі, «Экономикалық» лицей;ІІІ орын – №№59, 50 мектеп-лицейлері, 10,30 мектеп-гимназиялары, «Quantum STEM School» мектебі.Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!