«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы «NURORDA» мектеп-лицейімен бірлесіп 2023 жылдың 20 мамыр күні 5-6 сынып оқушылары арасында «NURORDA Junior Olympiad» математикалық олимпиадасын өткізді. Олимпиадаға 94 білім беру мекемелерінен 543 (5- сыныптан -253, 6- сыныптан -290) оқушы қатысты. Олимпиаданың мақсаты: математика пәніне қабілеті жоғары, дарынды балаларды анықтап, ынталандыру арқылы оқушылардың математикалық білімін жетілдіру және пәнге деген қызығушылығын арттыру. Олимпиада жазбаша тест түрінде өтті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының І, II, III дәрежелі дипломдары және грамоталарымен марапатталады. Ең үздік нәтиже көрсеткен оқушылар бағалы сыйлықтармен марапатталады. Олимпиада жеңімпаздарын марапаттау 26 мамырда өтеді.