Мектепке дейінгі ұйымдағы мектепалды топтарына арналған XVІ «Жұлдызды жол» интеллектуалдық олимпиадасының қалалық кезеңі

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының білім рейтингісін көтеру, балаларды мектепке дайындау жоспары аясында, олардың шығармашылық қабілетін және интеллектуалдық іс-әрекетке қызығушылығын дамыту мақсатында «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы Астана қаласы мектепке дейінгі ұйымдағы мектепалды топтары арасында XVІ «Жұлдызды жол» интеллектуалдық олимпиадасының қалалық кезеңін ұйымдастырып өткізетінін хабарлайды. Интеллектуалдық олимпиаданың қалалық кезеңі 2023 жылы 19 мамырда №65 «Бал бала» балабақшасы (Караменде би Шақаұлы 5/1), базасында мемлекеттік және орыс тілінде тәрбие мен білім беретін мектепке дейінгі ұйымдарының қатысушыларына өткізіледі. Қатысушыларға сәттілік тілейміз!