Әлихан Мақсұт атындағы «RoboZerde-2023»
І қалалық робототехника фестивалінің
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының қолдауымен 2023 жылдың 13 мамырында Әлихан Мақсұт атындағы «RoboZerde-2023» І қалалық робототехника фестивалі (әрі қарай – Фестиваль) мемлекеттік білім беру мекемелері оқушылары арасында өтеді. Фестивальға елордалық 40 мектептен 75 команда (150 оқушы) қатысады.​​Фестиваль ұйымдастырушылары – Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «Әлихан Мақсұт атындағы дарынды балаларды қолдау қоры», №9 «Зерде» мамандандырылған мектебі, «Роботек» робототехника мектебі. ​Фестивальдің мақсаты: оқушылардың робототехника саласына қызығушылығын, ғылыми-техникалық шығармашылық қабілеттерін арттыру, техникамен жұмыс жасау белсенділігін дамыту және кәсіптік бағдар беру.Фестиваль ережеге сәйкес 4 санат бойынша: Шығармашылық «Робототехника, IT» (12-18 жас); Биатлон кіші санат (10-13 жас); Биатлон үлкен санат (14-17 жас) және «Лабиринт» (14-17 жас) өтеді. Әр санат бойынша әр мектептен 10-18 жас аралығындағы 1 команда (2 қатысушыдан тұратын) қатысады (ережесі және регламенті http://robozerde.kz/ сайтында берілген).Өтетін орны: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бас ғимараты (Сәтбаев к., 2)Тіркелу уақыты: 08.30 – 09.15 Басталу уақыты: 09.30. Қатысушыларға сертификаттар табысталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер Фестиваль ұйымдастырушыларының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және «Әлихан Мақсұт атындағы дарынды балаларды қолдау қоры» тағайындаған сыйлықтармен марапатталады.