«Қадыр мұрасы» қалалық байқауының баспасөз хабарламасы

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2023 жылдың 12 мамырында Қадыр Мырза Әлі атындағы Binom school мектеп-лицейімен бірлесіп 4-9 сынып оқушылары арасында «Қадыр мұрасы» қалалық байқауын өткізеді. Әр білім беру мекемесі 4 номинация бойынша 4 қатысушы (әр номинацияға бір қатысушыдан) ұсынады.
Байқаудың мақсаты:
оқушылардың көркем сөз оқу шеберлігін дамыту, Қадыр Мырза Әлі шығармаларының рухани құндылықтарын жас ұрпақтың бойына сіңіру;
поэзияға, Қадыр Мырза Әлі рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Байқау 4 номинация бойынша өткізіледі:
«Жас суретші» – автордың өлеңдері негізінде бейнелеу;
«Жас оқырман» – Қадыр Мырза Әлінің шығармаларын мәнерлеп оқу;
«Жас оператор» – Қадыр Мырза Әлінің шығармалары бойынша буктрейлер жасау;
«Жас өнертапқыш» – Қадыр Мырза Әлінің өміріне немесе шығармаларының сюжетіне арналған диорамалар, модельдер немесе макеттер ұсыну.
«Қадыр мұрасы» қалалық байқауына елорда білім беру мекемелерінен 175 қатысушы тіркелді.
Өтетін орны: Қадыр Мырза Әлі атындағы Binom school мектеп-лицейі (Есіл ауданы, 38 көше, 9/5).
Басталуы: сағ.10.00.
«Қадыр мұрасы» қалалық байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау орталығының І, II, III дәрежелі дипломдары және грамоталарымен марапатталады.