Мектепке дейінгі ұйымдағы мектепалды топтарына арналған XVІ «Жұлдызды жол» интеллектуалдық олимпиадасының аудандық кезеңі

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының білім рейтингісін көтеру, балаларды мектепке дайындау жоспары аясында, олардың шығармашылық қабілетін және интеллектуалдық іс-әрекетке қызығушылығын дамыту мақсатында «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы Астана қаласы мектепке дейінгі ұйымдағы мектепалды топтары арасында XVІ «Жұлдызды жол» интеллектуалдық олимпиадасының аудандық кезеңін ұйымдастырып өткізетінін хабарлайды. Интеллектуалдық олимпиаданың аудандық кезеңі 2023 жылдың 12 мамыр күні Алматы, Есіл, Нұра аудандары №69 «Еркем-ай» балабақшасы (Кенен Әзірбаев к.,41), Сарыарқа, Байқоңыр аудандары №93 «Айгөлек» балабақшасы (Кенен Әзірбаев к.,12/1) базасында мемлекеттік тілде тәрбие мен білім беретін мектепке дейінгі ұйымдарының;№32 «Балдәурен» балабақшасында (Абылай хан к.,23/1​) барлық аудандардың орыс тілінде тәрбие мен білім беретін мектепке дейінгі ұйымдарының қатысушыларына өткізіледі. Қатысушыларға сәттілік тілейміз!