«Алтын сақа»

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебімен бірлесіп 3-4 сынып оқушылары (облыстық кезең) мен 5-6 сынып оқушыларына (республикалық кезең) арналған математика пәнінен «Алтын сақа» олимпиадасын (әрі қарай-Олимпиада) 2023 жылдың 12 мамырында өткізетінін хабарлайды. Олимпиаданың мақсаты: математика пәні бойынша қабілетті балаларды анықтау, олимпиада резервін қалыптастыру, оқушылардың пәнге қызығушылығын қалыптастыру және ғылымға, жаратылыстануға баулу. 3-4 сынып оқушылары арасында өтетін Олимпиаданың облыстық кезеңіне 186 оқушы (Есіл ауданы – 70, Сарыарқа ауданы – 34, Алматы фауданы – 53, Байқоңыр ауданы – 29) қатысады. 5-6 сынып оқушылары арасында өтетін Олимпиаданың республикалық кезеңінде елорда мектептерінен 11 оқушы бақ сынамақ. Олимпиада мемлекеттік және орыс тілдерінде өтеді. Өтетін уақыты: • 3-4 сынып оқушылары (облыстық кезең): басталуы – сағ. 10.00, тіркеу – сағ. 9:00-9:30; • 5-6 сынып оқушылары (республикалық кезең): басталуы – сағ. 12.00, тіркеу – сағ. 11.30. Өтетін орны: «INTERNATIONAL SCHOOL ZERDELI» мектебі (Петрова к-сі, 2/2).