«Контрафакт» республикалық акциясы

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2023 жылдың 2 – 25 мамыры күндері аралығында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Астана қаласы Әділет департаменті «Контрафакт» республикалық акциясын өткізетінін хабарлайды. Мақсаты – зияткерлік меншік құқықтарын сақтау мен қорғауға қолайлы жағдайлар жасау, халықтың зияткерлік меншік мәселелері бойынша хабардарлығын арттыру. Жоғарыда аталған акция шеңберінде: 1. 2023 жылдың 2 -15 мамыр күндері аралығында балалар (10-14 жас ) арасында өткізілетін «Контрафактіге жол жоқ!» тақырыбында үздік сурет республикалық байқауы; 2. 2023 жылдың 2 -15 мамыр күндері аралығында «Қазақстанда контрафактіге жол жоқ!» тақырыбында үздік қысқа бейнероликтердің республикалық байқауы (14 жастан бастап және одан жоғары жастағы адамдар арасында); 3. 2023 жылдың 2 – 15 мамыр күндері аралығында «Контрафакт» тақырыбындағы үздік ұран республикалық конкурсы (14 жастан бастап және одан жоғары жастағы адамдар арасында) ұйымдастырылады. Байқауға ұсынылатын жұмыстар мына мекенжайда қабылданады : Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 35 үй. Әділет департаменті. Байланыс телефоны : 8701 244 53 37.